Оны Қостанай облысы ПД бастығы Бекет Аймағамбетов табыс етті

«Сарыкөл» газетінің директоры, «Жаңашыр бол» ҚҚ төрайымы, Қостанай облысы бойынша ДП жанындағы консультативтік-кеңесші органның өкілі Александра Сергазинова Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың атынан келген Алғыс хатта: Төтенше жағдай кезінде тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен ішкі істер органдарына қолдау көрсетіп, азаматтық белсенділігіңізді танытқаныңыз үшін Ішкі істер министрлігі алғыс білдіреді.

Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, сарқылмас күш-қуат және еліміз – Қазақстан Республикасының гүлдену жолындағы жұмысыңызда табыс тілейміз! – делінген.

Айта кетейік, Александра Қабдоллақызы карантинге қойылған үйлерді күзеткен 12 полиция қызметкерін ыстық тамақпен қамтамасыз еткен. Осы еңбегі үшін құзырлы орган атынан алғыс арқалап отыр.

Олай болса, «Сарыкөл» газетінің ұжымы атынан Александра Қабдоллақызын осы жетістігімен құттықтаймыз!

Шығармашылық табыс тілейміз!

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.