1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық жобалардың, тұрғын үй құрылысы мен спорт инфрақұрылымының іске асырылу барысымен танысты.
Жұмыс сапарының алғашқы нысаны Маяк ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт болды. Мұнда құрылыс жұмыстары толық аяқталған.
«Фельдшерлік-акушерлік пункт ауылға өте қажет. Сондықтан, осы бағытты басты назарда ұстап, жыл сайын жалғастыру керек», – деді Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов.
Одан кейін облыс әкімі «Жаналипов» шаруа қожалығының аумағында ауданның агроөнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесуде саланың қазіргі жағдайы, қол жеткізілген нәтижелер мен алдағы міндеттер талқыланды.
Сондай-ақ Құмар Ақсақалов «MEL-FARMAGRO» ЖШС жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобаның барысын көрді. Жоба аясында асыл тұқымды «Абердин-Ангус» ірі қара малын өсіруге арналған мал шаруашылығы базасы салынуда. Инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңге, жоба аясында 22 жаңа жұмыс орны ашылады.
Аудандық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесу өтіп, Сарыкөл ауданының 2026 жылғы 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары таныстырылды. Тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сұрақтарын қойды.
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі Сарыкөл кентіндегі әрқайсысы 16 пәтерден тұратын екі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен де танысты.
Сапардың соңғы нысаны – «СарыкөлДорСтрой» ЖШС жүзеге асырып жатқан шаңғы-велосипед базасы. Жобаның құны – 75 млн теңге. Нысан ауданның спорттық инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың белсенді демалысына мүмкіндік жасауға бағытталған.
Жұмыс сапары қорытындысы бойынша ауданның негізгі даму бағыттары сараланып, әлеуметтік-экономикалық жобаларды сапалы әрі уақтылы іске асыруға қатысты алдағы міндеттер белгіленді.
Руслан Әлкеев
Суреттерді түсірген автор
Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)
Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…
Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)
В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…
Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…
Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…
This website uses cookies.