Ауданда «Аққозы қажы» мешітінің бастамасымен қайырымдылық шарасы жалғасын табуда
Қайырымдылық – мұқтаж жандардың қажеттілігін өтейтін игі іс. Аудандық мешіттің ұжымы жалпы осындай сауапты шараны дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді. Ал, бұл жолғысы қасиетті Рамазан айындағы екінші қайырымдылық акциясы.
Игілікті іс – ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Бірлік түбі – береке» атты қайырымдылық акциясына ат салысу аясында жүзеге асырылды.
Айталық, 11 мамыр күні «Аққозы қажы» мешітінің жанында «Олжа Арыстан ПК» ЖШС ірі қара малын құрабандыққа шалды.
Мешіт жамағатының көмегімен оның еті әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы 25 отбасыға таратылды.
Бас имам Нұрбол қажы Балахметовтың айтуынша, бұл қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да өз жалғасын таппақ.
Алла разылығы үшін құрбандық шалып, оның етін жоқ-жітіктерге таратушы жандарға ниеттеріңіз қабыл болып, істеріңізге береке берсін дейміз!
Руслан ӘЛКЕЕВ
С чего начать, если хочешь работать на себя? (далее…)
В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…
1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…
Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)
Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…
Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)
This website uses cookies.