Сорочин ауылында «Агро-Парасат» ЖШС астық қоймасын ашты

Жалпы құны – 700 млн. теңгеге жуық

Аудан әкімі Амантай Балғарин арнайы барып, серіктестік басшысы Азамат Жолаушыбаевпен бірге жаңа кешеннің лентасын қиды. Сондай-ақ, ол диқандармен дидарласып, пайдаланылуға берілген жаңа нысанды аралап шықты.

-Бүгінгі бастамаларыңыз басқаларға үлгі болмақ. Үлкен тәуекелге барып, ауылда осындай ауқымды кешен салып жатсыздар. Осынау тамаша игі істеріңізге береке, табыс тілеймін, – деді аудан басшысы Амантай Кәкімбекұлы.

Кешеннің жалпы аумағы кептіргіш және қоймамен бірге 2000 шаршы метрді құрайды. Жалпы құны – 700 млн. теңгеге жуық.

-Біз, басқа да шаруашылықтардың астығын сақтап береміз. Кешен сағатына 60 тонна астық тазалайды, ал тұқымдық тазалау режимі сағатына 15 тоннаны құрайды, – дейді серіктестік басшысы Азамат Жолаушыбаев.

Айта кетейік, қазіргі заман талабына сай етіп жасалған бұл заманауи құрылғының құрылысы осы жылдың тамыз айында басталған. Оған шаруашылық есебінен 700 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған. 4 айда салынған бұл қойма астықты тазалап қанай қоймай, кептірумен қатар оның ұзақ мерзімді сақталуына толық кепілдік береді.


Немістің «Пектус» атты бұл құрылғысы түріктің ОВІАЛ технологияларының біріккен жобасы негізінде салынған. Таза отандық металдан жасалған материалдар қолданылған. Ол сағатына 60 тонна астықты тазалауға, 20 тонна астықты кептіруге қауқарлы. Оның іске қосылуы нәтижесінде 2 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Тазалау желісі 90% автоматтандырылған, планшеттен басқарылады.

Алып нысанның құрылысы мен құрылғыларына қыруар ақша жұмсалған. Оның жалпы аумағы 2000 текше метрді құрадйы. Ондағы заманауи құрылғылардың бәрі де сынақтан өткізілген. Астық қабылдайтын таразылар бидайдың сапасын тексереді. Құрамындағы қамырлылығы мен ылғалдылығын өлшейді. Қысқасы, мұнда барлық жағдай жасалған.

Астық қоймасы тәулігіне 500 тоннаға дейін астық қабылдайды. Тіпті астықты егіс даласындағы комбайннан бірден осында тасымалдауға болады. Бұл жерде барлық жұмыс бір мезетте атқарылады. Яғни, тазалап, кептіру жұмыстары жүзеге асады.

Руслан ӘЛКЕЕВ, суреттерді түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Новая техника и ставка на масличные: как проходит уборочная страда в Сарыкольском районе

В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…

6 дней ago

Сарыкөл ауданының әкімі сайлауға қатысты

Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…

2 недели ago

Бір шаңырақ — бір таңдау: Жантемировтар отбасы сайлауда азаматтық белсенділік танытты

Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…

2 недели ago

Подучетные службы пробации Сарыкольского района получили правовую консультацию

Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…

3 недели ago

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.