Сарыкөл ауданында “Өнер арланы” спорттық сайысы үшінші рет ұйымдастырылды

18 желтоқсанда ауданымызда өткен мәдениет қызметкерлері арасындағы “Өнер арланы – 2024” қазақ күресінен облыстық турнирі өз мәресіне жетті.

Оған қос салмақ бойынша 18 өнерпаз палуан қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатында қатысушыларды Сарыкөл ауданы әкімінің орынбасары Әлия Бекмағанбетова құттықтап, ұлттық спорт жанашыры Ертөре Дандыбаев ақ батасын берді.

Сонымен қатар, боз кілемде палуандарға төрелік еткен жоғарғы ұлттық дәрежедегі төреші Серік Дәрменбаев турнирдің ережесімен таныстырды.

Осылайша көптен күткен белдесу тартысқа толы өтті. 74 келіге дейінгі жеңіл салмақ дәрежесінде Жангелдин ауданынан келген өнерпаз Ұлан Топай 1 орынды (Өнер арланы белдігі, 150.000 теңге) жеңіп алды. Ал, сарыкөлдік Нағашыбай Ыбырай 2 орынды (100.000 теңге) еншілеп, амангелділік Нұрсұлтан Мұхтаров 3 орынға (80.000 теңге) ие болды.

Сонымен қатар, 74 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша І орынды жангелдиндік Батырлан Қазым (Өнер арланы белдігі, 150.000 теңге) бағындырса, ІІ орынды лисаковтық Заманбек Берікқара (100.000 теңге) еншілеп, ал амангелділік Балтасар Ізтілеу (80.000 теңге) ІІІ орынды місе тұтты.

Айта кеткен жөн, жеңіске деген жігер үшін арнайы жүлде номинациясымен қостанайлық Төленді Әлғожин, ұзынкөлдік Асылбек Қабуәлиев және арқалықтық Қайрат Байділдиндер марапатталып, 50.000 теңгелік сертификатқа ие болды.

Марапаттау сәтінде Қостанай облыстық халық шығармашылығы орталығының басшысы Дәмер Қалқаев құттықтап, аудан әкімінің орынбасары Әлия Молдабайқызымен бірге марпат арды табыстады.

Жалпы, басқа өнерпаз палуандар қатысқандары үшін 20.000 теңгелік ынталандыру сертификаттарына ие болды.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.