ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай облысы бойынша департамент басшысы полковник Арман Жұмахметовтің ұйымдастыруымен облыс мектептерінде Шекара қызметі академиясына оқуға шақыру жұмыстары жүргізілуде.
Шекарашы офицерлерді дайындауға арналған жоғары оқу орнына ниеттенген оқушыларға үгіт-насихат жұмысы жылдағыдай ерте басталды. Қостанай қалалық №28 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушыларымен департаменттің бас тәрбиешісі подполковник Дарын Кекілов онлайн кездесті.
Сұхбат барысында кадеттерге даңқты шекарашылардың оқу орны туралы толық мағлұмат берілді. Оқушыларға құжаттарды жинау мен
денсаулықты тексеру комиссиясынан өту тәртібі, Ресей Федерациясындағы шекарашыларға арналған оқу орындары, емтихан пәндері туралы да ақпарат берілді.Әскери өмірді таңдаған жастарымыз үшін осындай кездесулердің пайдасы мол. Себебі, ақпараттың аздығынан кейбір оқушыларымыз әскери жоғары оқу орнына құжат жинаудан кешігіп қалып жататын деректер де кездесіп жатады.
Манарбек ҚАРЕКЕНОВ,
ҚР ҰҚК ШҚ Қостанай
облысы бойынша
департаменті
С чего начать, если хочешь работать на себя? (далее…)
В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…
1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…
Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)
Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…
Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)
This website uses cookies.