Сарыкөлдік өнерпаздар көрші ауданға барып, өнер көрсетті

Қарасулықтар қошеметтерін аямады

Сарыкөл аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Қарасу ауданында өткен көктемнің шуақты мерекесіне арналған “Халықтың күші – бірлікте” атты мерекеге қатысып қайтты.

Қарасу ауданы көктемгі тасқынға байланысты Наурыз мейрамын көктем мерекесі ретінде енді атап өтіп жатыр. Бұл мереке – көктемнің жаңаруы мен ел бірлігінің, татулығының жарқын көрінісі. «Халықтың күші – бірлікте» – демекші, салтанатты мереке сәтінің негізгі қонақтарының бірі біздің Сарыкөл ауданынан барған «Әгугәй» этно-ансамблі болды десек артық айтқандық болмас. Олар ұлттық нақыштағы сазды әндерімен халықтың жүрегіне жол тартып, келген көрермендерің ыстық ықыласына бөленді.

-Бүгін біздер Сарыкөл ауданынан арнайы ат терлетіп келіп отырмыз. Бұл өзіміздің KPI бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Бір жағынан бұл сарыкөлдіктердің көрші ауданға деген құрметі, достық пейілі деп білемін.
Біздің «Әгугай» ансамбліміз бірнеше халық әндерін нақышына келтіре орындап, қарасулықтардың ыстық ықыласы мен қошеметіне бөленген жәйі бар. Тұрғындардың риза болғаны соншалық, бізді қимай-қимай шығарып салды. Осылайша, халықтың батасын алып, бір арқаланып қайттық, – дейді аудандық мәдениет үйінің директоры Абай Сейдахметов.

Жалпы, айта кетейік, мерекелік іс-шара барысында ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты түрлі іс-шаралар өткізіліп, ұлттық ойындармен қорытындыланды.

-Бүгін Қарасу ауданында ерекше мерекелік іс-шара өтті. Көптен бері бұлай көңіліміз марқайып, рухани шабыт алмап едік. Өзіміздің және аудандардан келген өнерпаздардың өнерін тамашалап, бір серпіліп қалдық. Әсіресе, Сарыкөл ауданының өнерпаздары дәстүрлі әндерді дәріптеп, керемет көңіл күй сыйлады. Шын ниеттен ризашылығымызды білдіреміз, – дейді Қарасу ауданының тұрғыны Гүлнара Болатбекова.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.