Байрақты бокс бәсекесінде жалпыкомандалық есепте Сарыкөл ауданы бірінші орынға ие болды

Сарыкөл кентінде бокстан жасөспірімдер арасында өткен облыстық ашық турнирге Жітіқара қаласы мен Федоров пен Сарыкөл аудандарының жеке клуб спортшылары қатысты.

Оның ашылу салтанатына Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков, “AINAZAROVTOPTEAM” қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы Дидар Аманжолов, жарыстың бас төрешісі, Қостанай облыстық бокс федерациясының басқарма төрағасы Кенжеғали Садықов және бокстан Қостанай облысының чемпионы, Қазақстан біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері Саламат Алматов қонақ болды.

Турнирдің ашылу сәтінде қазақтың дәстүрі бойынша шашу шашылып, командалар ортаға шақырылды. Мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашты. Мемлекеттік әнұран шырқалып, аудан әкімі Марат Шымырбеков жүрекжарды лебізін білдірді. Жас спортшыларға жеңіс пен сәттілік тілеген Марат Лесбекұлы өз құттықтауынан кейін ауданның дене-шынықтыру, спорт саласын дамытуға үлес қосып, осы турнирдің өтуіне демеушілік жасаған бір топ кәсіпкерге алғыс хаттар табыстады.

Сонымен қатар, “AINAZAROVTOPTEAM” қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Дидар Аманжолов пен ауданда бокстың дамуына үлес қосқан белгілі спортшы Саламат Алматовтар сөз сөйледі.

Айта кетейік, жарыс болған соң оны бағалайтын төреші де болады. Сарыкөл төрінде өткен жасөспірімдер арасындағы облыстық ашық турниріне Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мұрат Тапенов, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Таңабаев, Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының халықаралық дәрежедегі спорт шебері Берікбай Жаманқұлов, «Қостанай облысының бокс федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы, жоғары санатты жаттықтырушы Кенжеғали Садықов, жоғары санатты жатықтырушы Азамат Айназаров және бокс спорты бойынша жаттықтырушы Александр Марченко сияқты өз ісінің білікті мамандары төрелік етті.

Жалпы, дүбірлі додада таланты мен талабын көрсеткен Сарыкөл ауданының боксшылары үздік атанды.

Айта кетейік, бұл спорт түрі ауданымызда 2011 жылдың жаз айынан бастап дами бастады. Осы орайда ауданда алғаш бокс үйірмесін ашып, талай шәкітке бокстың қыр-сырын үйреткен, осы спорт түрінің жақсы қарқын алуына Саламат Алматовтың еңбегін ерекше атап өткеніміз жөн. Ол спорттың осы түріне жан-тәнімен беріліп, шәкірттер тәрбиелеп, биік белестерді бағындыруына себепші болды.

-Біз істеген жылдары Сарыкөлде мұндай спорт кешені болған жоқ. Шағын спорт мектебінде айналыстық. Кең көлемде бокс жарыстарын ұйымдастыра алмайтынбыз. Бір жарыс өткізетін болсақ, спорт зал сұрап мектептерге жалынатын едік. Ал, қазір жап-жаңа осындай спорт кешені бар Сарыкөл ауданының болашағы зор қай спорт түрін алсақ та, -дейді бұрынғы бокс бапкері Саламат Алматов.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Новая техника и ставка на масличные: как проходит уборочная страда в Сарыкольском районе

В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…

6 дней ago

Сарыкөл ауданының әкімі сайлауға қатысты

Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…

2 недели ago

Бір шаңырақ — бір таңдау: Жантемировтар отбасы сайлауда азаматтық белсенділік танытты

Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…

2 недели ago

Подучетные службы пробации Сарыкольского района получили правовую консультацию

Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…

3 недели ago

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.