Сарыкөл өңірінде облыстық Құран жарысы өтті

Бүгін Сарыкөл ауданы Тимирязев ауылында «Омар ата» мешітінің 7 жылдығына арналған «Құран – сенің шапағатың» атты облыстық Құран жарысы өтті. Оған ауыл жанашыры – Меңдібай Омаров демеушілік жасады.

Ашылу сәтінде облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Дархан Сыздықов уағыз-насихат айтса, Омар ата ұрпағы Амангелді Омаров сөз сөйледі. Ал, Сарыкөл ауданының бас имамы Нұрбол қажы Балахметов демеушілік көрсеткен Меңдібай Омаровқа облыстың өкіл имамы Бақытбек қажы Тәжімбеттің Алғыс хатын табыс етті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігі ұйымдастырған шараға аймақтың аудан, ауылдарынан мешіт шәкірттері қатысты. Құран Кәрімнің 1 және 1,5 парасы бойынша сынға түскен оларды қазылар алқасы есте сақтау қабілеті, оқу ережесі (тәджуид), мақамы бойынша бағалады.

Бірінші кезең бойынша 1-орынды Арман Алдиярұлы бағындырса, 2-орынға Медет Бақытұлы, ал 3-орынға Айбек Аманғалиұлы ие болды.

Сондай-ақ, жарыстың екінші сынында бірінші орынды Абай Құланбаев жеңіп алса, екіншіні Бекболат Қайратұлы еншілеп, Мақсат Абайұлы үштіктен көрінді. Қалған қатысушылар ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.

Айта кеткен жөн, жарысқа қатысушылардың ең жасы – 8 жаста болса, ал ең үлкені – 81 жаста. Әрине, бұл ерекшелік Құран жаттауда жас айырмашылығына қарамайтындығын білдіреді.

Жарыс соңында дастархан жайылып, уақыт айтылып, Құран оқытылды.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.