Сарыкөл ауданының бұрынғы бас имамына сый-құрмет көрсетілді

Қасиетті жұма күні «Қабдеш-ата» мешітінде Сарыкөл ауданының бұрынғы бас имамы Дәулетбай қажы Әбдіхалыққа мешіт жамағаты сый-құрмет көрсетті.

Дәулетбай қажы Махмутұлы өзіне жүктелген сауапты жұмысты 2013 жылдың 21 қыркүйегінен бастап, 2019 жылдың 23-қыркүйегіне дейін абыроймен атқарған болатын. Яғни, тұп-тура – 6 жылдың ішінде қаншама қайырымдылық шаралары, мекеме, кәсіпорын, оқу орындарындағы насихат, келіссөздер, дәріс беру, жат ағымдармен күресті үйлестіру жұмыстары, жалпы астарында тәрбиесі зор мәдени шаралар үлкен күшпен, жүйелі түрде жүзеге асырылды.

Имам – ең бірінші дінге шақырушы. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қандай дәрежедегі имам болғанын барша мұсылман біледі. Өз қарамағындағы жамағаттың адал ас жеуін, құлшылығының мығым болуын, әділетсіздік жасамауын қадағалап, мейіріммен қарай біліп, зор сенімге ие болды.

Соған сай жамағат та өз имамын барынша қорғаштап, оған зиян келтіргісі келгендерге қарсы тұрып, айтқан өсиеттерін жерге тастамады.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) : «Жамағатпен оқыған намаз жеке оқыған намаздан жиырма жеті есе артық», – деген. (Бұхари мен Муслим Ибн Омардан риуаят еткен).
Сондай-ақ, Алла Елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Кімде-кім адамдарды тура жолға шақыратын болса, ол адамның сауабы артынан ерген адамдардың сауабымен бірдей болады. Және олардың да сауабынан еш кемімейді!», – деп айтқан. Осы хадистен-ақ имамдық қызметтің жүгін аңғаруға тұрарлық.

Жалпы, имамның бес уақыт намаз өткізуі, насихатқа шақыруы ең алдымен жамағат алдында өтеді. Жамағат қатары көбейсе, имам еңбегінің нәтижесі.

Мінеки, жанына осындай жамағат жинаған Дәулетбай қажы олардың құрметіне бөленді. Ауданның құрметті азаматы Амангелді Жалғасов ақ батасын беріп, әрі қарай да асыл дініміз бен елімізге қалтықсыз қызмет етіп, абыройлы бола беруіне тілектестік білдірді.

Жаңадан келген бас имам Нұрбол қажы Балахметов та жанына мықты жамағат жинаған Дәулетбай қажыға ризашылығын айтып, әрдайым тілектес екендігін жеткізді.

Жалпы, жамағат алғыстарын айтып, сый-сияпатын тарту етті.

Сөз соңында Дәулетбай қажы Махмутұлы да жамағатқа өз ризашылығын білдіріп, Сарыкөлге келгеннен бері жанында жүріп, қиын-қыстау сәтте өзіне, мешітке қолдау көрсеткен ел ағалары – Амангелді Жалғасов пен Ерторы Дәндібаевтың иығына қазақтың дәстүрі бойынша шапан жапты.

Жалпы, жамағат пен имамның арасында сенім, құрмет болған жерде діннің өркендейтіні ақиқат. Олай болса, ислам діні үшін тер төгіп, татулықты сақтауда, адамгершілікті үндеуде, мейірімге шақыруда, тақуалықтың үлгісін көрсетуде еңбек етуші имамдарға құрметіміз зор болсын.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Новая техника и ставка на масличные: как проходит уборочная страда в Сарыкольском районе

В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…

6 дней ago

Сарыкөл ауданының әкімі сайлауға қатысты

Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…

2 недели ago

Бір шаңырақ — бір таңдау: Жантемировтар отбасы сайлауда азаматтық белсенділік танытты

Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…

2 недели ago

Подучетные службы пробации Сарыкольского района получили правовую консультацию

Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…

3 недели ago

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.