Пробацияда есепте тұрғандар пайдалы кеңес алды
20 тамызда аудандық полиция бөлімінде пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен кездесу өтті.
Бұл іс-шараны «Жанашыр бол» қоғамдық қоры аудандық пробация қызметімен бірге «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысына сәйкес өткізді.
Мақсат – қоғамдық оқшалау орталығынан шыққан соттталғандардың қоғамға бейімделуін және өмірге деген көзқарасын өзгерту. Сотталғандар тарапынан әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу болды.
– «Жанашыр бол» қоғамдық қоры аудандық пробация қызметімен бірге сотталғандармен жүйелі жұмыстар жүргізу, психологиялық кеңестер беру, олардың жасаған қылмыстарын қайталамауына септігін тигізу мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру, мәдени, психологиялық және де тағы да басқа шараларды жүйелі түрде өткізіп келеді. Сарыкөл ауданы бойынша пробация есебінде тұрған азаматтарды спорттық шараларға тартып, әлеуметтік көмек көрсетіп, жұмыссыз жастарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өз үлесімізді қосып жатырмыз, – дейді «Жанашыр бол» ҚҚ заңгері Жазгүл Тоғжанова.
Сонымен қатар, бұл жиынға аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Болат Қарбанов, «Сарыкөл агробизнес және құқық» колледжінің бөлім меңгерушісі Елена Паркиналар сөз сөйлеп, мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие мен субсидиялар алу және мамандықтарды оқыту туралы түсініктеме берді. Бұдан бөлек, Қостанайдан арнайы келген психолог Дарья Шарафилова жүйелі жұмыс жасап, түрлі мысалдар келтіре отырып, пайдалы кеңестер берді.
-Бүгін өте пайдалы кеңестер алдық. «Жанашыр бол» қоғамдық қоры біздерге көп көмегін тигізіп жатыр. Алдағы уақытта заңгермен байланыста болып, тағы да кеңестер аламын, – дейді сотталғандардың бірі С. есімді азамат.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Она была организованная Молодежным ресурсным центром совместно с волонтерами школы-гимназии имени С.Баймагамбетова. (далее…)
Аталған шараның басты мақсаты – жастарды жаңа Конституция жобасымен және конституциялық реформаның негізгі бағыттарымен таныстыру,…
18 ақпанда Сарыкөл кентіне Жалпыұлттық коалиция мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Берік Бейсенғалиев пен…
На базе местной общеобразовательной школы прошел традиционный турнир по волейболу среди девушек 2010 года рождения…
Мимо его творений пройти спокойно невозможно. Они словно живые… (далее…)
В зимний период снегопады значительно осложняют передвижение пожилых людей и создают опасность при выходе из…
This website uses cookies.