Сарыкөлде Жастар күні жарқын мерекеге ұласты

12 тамыз – халықаралық жастар күніБұл күн 2001 жылдан бері тойланып келеді. Осыған орай аудан орталығы Сарыкөл кентінде Жастар күні кең көлемде аталып өтті.

Әкімдіктің қолдауымен, жастар ресурстік орталығының ұйымдастыруымен өткен мерекелік кеште аудан әкімінің орынбасары Әлия Бекмағамбетова құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

-Жастар елдің ертеңі, болашақтың бастауы, мемлекетімізді дамытушы қозғашуы күші. Бүгінде ауданымыздан шыққан жастар қоғамның барлық саласында белсенді жұмыс істеп жүр. Олар үнемі ізгі істің басында жүреді, мәдени-патриоттық шараларда қашанда алдыңғы қатардан табылады. Өскін ұрпақтың ұлағатты істері біздің мақтаныш сезімімізді оятады, – деп атап өтті Әлия Молдабайқызы.

Аудан жастарының мерекелік кешін танымал жүргізуші Жалғасбек Шөкенов жүргізсе, ал қонақ ретінде келген «BRO» дуэті, әнші Юлия Галич сарыкөлдіктерге әсем әннен шашу шашты. Сондай-ақ, DJ AKHAN әуезді музыкамен әрлесе, ал «Алтын Дала» бишілер ұжымы сахнаны бимен көмкеріп, өз өнерлерін ортаға салды.

Иә, жастар қашан да, қай ғасыр болмасын елдің ертеңі саналады. Сондықтан жас буынның өнерлі де өренді, талапты да талантты болғаны абзал. Еліміз дамудың даңғыл жолына түсіп, жаңа кезеңге бет түзеген тұста жастар мемлекеттегі басты қозғаушы күшке айналуы тиіс. Жас буын ортақ мүддеге ұйысып, тың бас¬тамалар мен шешімдерді жүзеге асыруда мемлекеттің сенімді тірегіне айналуы қажет. Бұл ретте жаңашыл жастарға айрықша қолдау білдіру үлкен маңызға ие екенін атап өткен жөн. Ал, аталмыш кеште сегіз қырлы бір сырлы, ауданның жалындаған жастары сахна төрінде би билеп, жарысты. Барлық қатысушылар жастар ресурстік орталығының сыйлықтарына ие болды. Сонымен қатар, жиналған жастар мен балалар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, үстілеріне түрлі-түсті бояуларды шашып, мерекенің сәнін кіргізді.

Жалпы, мерекелік кеште жастардың өзі сияқты жалынды да көңілді ән мен биге толы өтті. Оның соңы би кешіне ұласты. Концертке жиылған жұрт тамаша көңіл күйге бөленіп тарқасты.


-Мен «BRO» дуэтіне кезінде дауыс бергенмін. Ол балалардың өнері маған қатты ұнайды. Бүгін олардың Сарыкөлге келетінін естіп, өнерін тамашалауға арнайы келдім. Бүгінгі кеш маған қатты ұнады, – дейді ауыл тұрғыны Зүлқия Валиева.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

В Сарыкольском районе прошла встреча с лицами, состоящими на учете службы пробации

На днях в Сарыкольском районном отделе пробации состоялась встреча с лицами, состоящими на учете службы…

4 дня ago

Аким районного центра Сарыколь Сергей Горшенин рассказал о жизни села

На вопрос, как село сохраняется после зимы в чистоте и порядке, Сергей Витальевич ответил, что…

2 недели ago

В Сарыкольском районе прошёл районный фестиваль танцев «Радуга дружбы»

В районном Доме культуры состоялся районный фестиваль танцев народов Казахстана «Радуга дружбы», направленный на укрепление…

3 недели ago

«Таза Казахстан» – масштабная экологическая инициатива уже третий год шагает по стране

Её поразительные результаты видны как в городах, так и в малых сёлах республики и Костанайской…

1 месяц ago

This website uses cookies.