Сарыкөлдік әнші Абай Сейдахметтің ән байқауында бағы жанды

Ол Қостанай қаласының 145 жылдығына арналған «MEREKELI QOSTANAY» ән байқауына алғаш рет қатысып, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Диплом және 500 мың теңгенің сертификатымен марапатталды.

Сарыкөл аудандық мәдениет үйінде бірнеше жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан Абай Сейдахмет бұл байқауда өзін тағы бір қырынан көрсетіп, нағыз талант екенін танытты. Үлкен байқауда, үлкен сахнада  кіл мықтылармен иық теңестіріп өнер көрсеткен ол Бақытжан Сәуекеновтың әні мен Еркебұлан Кәрімұлының сөзіне жазылған «Қостанай – ару қалам» әнін нақышына келтіре шырқады.

-Қостанай қаласына арналған әндер орындалған ән байқауына «сен тұр, мен атайын» деген әншілер қатысты. Біздің өнерімізді танымал тұлғалардан құралған қазылар алқасы бағалады. Олардың ішінде Қазақстанға еңбегі сіңген әртіс Тамара Асар да болды.

Арманым – үлкен сахнада ән айтып, халықтың ыстық ықыласына бөлену. Асқақ армандарым ақырындап орындалып жатқанына өте қуаныштымын, – дейді байқаудың жүлдегері, жерлесіміз Абай Сейдахмет.

Абай әннен бөлек, күйге де жақын. Күй десе, ішкен асын жерге қояды десек қателеспейміз. Аудандық мәдениет үйінде жұмыс істеп жатқан жас маман түрлі іс-шаралардың көркін қыздырып, көпшіліктің қошеметіне бөленіп жүр. Әсіресе, қазақтың күйін, қарадомбырасын дәріптеп келеді.  Домбыра күнінде де барын салып, өнерпаздарды үйретуден жалыққан емес. Алдынғы жылы жылы «Күмбірле, қоңыр домбыра!» облыстық байқауда бақ сынап, жүлделі екінші орынды еншілеген болатын. Бұдан бөлек, түрлі аудандық іс-шараларға, қоғамдық жұмыстарға белесене араласып,  аудан абыройын арттыруға титтей де болса  өз үлесін қосып отыр.

Айтпақшы, осыдан үш жыл бұрынғы мақаламызда: «Ұлттың жаны – ұлттық домбыраны дәріптеп, күмбірлете күй тартып, дүбірлі додаларда оза шауып жүрген, жауапкершілік пен сенім жүгін арқалаған Абайдай жастарға ел тізгінін сеніп тапсыруға да әбден болады» – деп жазған едік. Міне, бүгінде Абай аудандық мәдениет үйі директорының уақытша міндетін атқарып жүр. Бұл да болса арманы асқақ Абайдың бағындырған белестерінің бірі.

Жалпы, байқау қала әкімдігінің ұйымдастыруымен, облыстық халық шығармашылығы орталығының, облыстық композиторлар одағының қолдауымен өткенін айта кеткен жөн.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

В Сарыкольском районе прошли общественное слушание и встреча с подучетными службы пробации

В Сарыкольском районе состоялось общественное слушание по реализации социального проекта «Организация работы по ресоциализации и…

2 дня ago

Сарыколь отметил 100-летие Назиры Дәулетовой

Юбилей, объединивший культуру и память. (далее…)

6 дней ago

В поселке Сарыколь прошел субботник по благоустройству территории

Всего в субботнике было задействовано порядка 80 человек. (далее…)

7 дней ago

В Сарыкольском районе отметили активистов территориальной коалиции

Участников коалиции поздравил исполнительный секретарь филиала партии «AMANAT» Бақытжан Жантемір. (далее…)

1 неделя ago

Паводковая ситуация в Сарыкольском районе стабильная

Аким района проверил объекты противопаводковой инфраструктуры в селах Севастополь, Тагильское, Крыловка и поселке Сарыколь. (далее…)

2 недели ago

«Армысың, Әз-Наурыз!» – Сарыкөлде Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті

Бүгінгі ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады (далее…)

4 недели ago

This website uses cookies.