Аудан әкімдігінде өткен салтанатты рәсім барысында қос сала қызметкерлерін аудан әкімі Амантай Балғарин кәсіби мерекемен құттықтады.
– Барша мемлекеттік қызметкерлер мен полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Ел игілігі жолында, халық үшін жасап жатқан жұмыстарыңызға жеміс тілеймін, – деді Амантай Кәкімбекұлы.
Іс-шара барысында Қостанай облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Тимирязев ауылының әкімі Алтын Тайпақова, Сарыкөл кентінің әкімі Сергей Горшенин, Тәгіл ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Сәуле Сагарова және аудандық экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің бас маманы Марина Шотропалар марапатталды.
Сонымен қатар, аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты – Талғат Доспулов, Денис Постоялкин, Индира Молдахметова, Серік Тоқышев, Павел Чехман, Светлана Бергер, Нұрлан Батрашев, Светлана Никитина, Байтас Тұрсынов және Шолпан Есембаковаларға табысталды.
Айта кеткен жөн, мемлекеттік қызметші ұлт мәртебесін көтеретін, ел абыройын асқақ ететін мәртебелі міндет. Себебі, ол – биліктің биік бейнесін, іскерлік қабілетін көрсетеді.
Жыл сайын ауданымызда мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби деңгейі артып келеді. Осы мақсатта олар үнемі ізденіп, көптеген курстарға, семинарларға қатысып жүр.
Соңғы үш жылда 36 мемлекеттік қызметші аудан әкімінің Құрмет грамотасымен, 14-сы облыс әкімінің Құрмет мадақтамасымен марапатталған.
Сонымен қатар, Қазақстан полициясы да қарыштап даму үстінде. Бұл мықты мемлекеттік жүйе еліміз тәуелсіздік алған жылдан бастап, қоғамдық тәртіпті сақтап, қылмыспен күресіп, қажырлы еңбек етіп келеді.
Олай болса, қос сала иелерін кәсіби мерекелерімен біз де шын жүректен құттықтап, ел игілігі жолында, халық үшін атқарып жатқан жұмыстарына жеміс тілейміз!
Руслан ӘЛКЕЕВ
В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…
Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…
Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…
Әр таңдау - ел үшін жасалған маңызды қадам. (далее…)
Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…
Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)
This website uses cookies.