Зор алғыс айтамыз!

Биылғы Қасиеті Рамазан айы бұрынғы Рамазан айларынан өзгеше өтті. Әлемді жәйлап кеткен жұқпалы індет біздің елді де айналып өтпеді.

Жаман аурудың алдын алу және халқымызға жұқтырмау үшін Үкімет тарапынан қатаң карантин жарияланды. Осы карантин күндері дәлме-дәл Рамазан шариф айына тұспа-тұс келді.

Мешітеріміздің есіктері жабылып, тарауық, жұма, 5 уақыт намазды жамағатпен оқуға тиым салынды, ауызашарлар да тек үйде отбасымен өткізілді. Мұсылман қауымына осындай Алланың сынықтары берілді. Бірақ, мешіт есіктері жабылғанымен, сауап есіктері ешқашан жабылмады. Осыны ескеріп, мешіт жамағаты имаммен бірге қасиетті Рамазан айында бірнеше сауапты істерді үлкен абыроймен атқарды. Атап айтатын болсақ, 1 мамыр жұма күні мешіт жамағаты және демеушілердің көмегімен 30 отбасына азық-түлік таратылды.

Жұмсалған қаражат 135 мың тенгені құрады. Одан кейін 11 мамыр күні сауапты істерді үнемі жасап жүрген «Олжа Агро» ЖШС-тің басшысы Тұрсынов Нұрсұлтан бауырымыз мешітке 1 қара мал әкеліп, құрбандыққа шалды. Құрбандық малдың етін 25 отбасына үлестірдік. Алла сауаптан жазсын!

Қасиеті Ораза айт күні тағы да мешіт жамағатының ауызбіршілігі мен демеушілердің қолдауының арқасында 18 қария апаларымызға және 36 бүлдіршін балаларға айт құрметі үшін айттық қоржындары таратылды. Айттық қоржындарына 162 мың теңге қаражат жұмсалды. Дәл осы қасиетті ораза айт күні қалада тұратын жерлесіміз Айтжан Есенгельдиновтың жұмыскерлері мешіт ауласына 700 түп гүл егіп кетті. Алла разы болсын!

Ұлық айда осылайша сауапты істерді көбірек істеуге тырыстық. Жаман індет бәрімізді үйлерімізде отыруға, оқшаулануға мәжбүр қалды. Бірақ, біз бәрбір бір ұлт, бір ел, бір қоғамбыз. Біз біргеміз! Бірліктің арқасында халқымыз бұл індетті де жеңеді. Жақсы күндер алда екеніне сеніп, болашаққа үмітпен қарайды.

Қасиеті айда мешіттерімізге пітір, қайыр садақа тапсырған ағайындарға зор алғыс білдіреміз! Сонымен қатар, жақсы іске жұдырықтай жұмылып, бізге жәрдем берген белгілі кәсіпкерлер: Серікбай Жұмағұлов, Баймырза Сатаев, Жаңатай Жаналипов, Радик Дүтпаев, Ваник Мелоян, Светлана Сивамбаева, Сәуле Жұмағұлова және аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Талғат Доспулов пен Руслан Мақашев, жер қатынастары бөлімінің маманы Ғалымжан Меңгелбеков және жеке такси жүргүзушілері мен мешіт жамағатына үлкен алғысымызды білдіреміз! Алла Тағала сіздерге зор денсаулық беріп, кәсіптерінізге береке берсін! Отбасылараңыз аман болсын! Алдыға қойған мақсат-мұраттарыңызға жетіңіздер!

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Қазақ елі көркейіп, гүлдене берсін!
Ізгі құрметпен, ауданның бас имамы

Нұрбол қажы БАЛАХМЕТОВ

Редактор

Recent Posts

Сарыкольские сельхозтоваропроизводители сделали ставку на масличные культуры

94,8 тыс. га земли, что на 25 тыс. гектаров  больше  от запланированной площади, отведены под…

2 недели ago

Село Сарыколь – визитная карточка степного региона, который из года в год, меняя свой облик на глазах сельчан, становится краше

Только за последние несколько лет в селе Сарыколь появилось огромное количество новых зелёных насаждений: ели,…

2 недели ago

17 июля в селе Златоуст стартует спартакиада Сарыкольского района, посвященная Всемирному дню навыков молодёжи

В селе Златоуст сейчас полным ходом идёт подготовка к предстоящему мероприятию районного масштаба. Стадион за…

2 недели ago

Сарыкөл ауданында халықпен есеп беру кездесулері өтіп жатыр

Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға баса мән берілмек (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.