Жас келсе – іске
Сарыкөл аудандық «Аққозы қажы» мешітінде наиб имам Нұржан Оразжанұлы Бағыткереевтің жұмыс істеп жатқанына бір айдан асты
Жаңа лауазым иесі Әулиекөл ауданы Миялы ауылының тумасы. Нұрсұлтан қаласындағы «Нұр-Астана» медрессесін бітіріп, сол жердегі «Кунта-Хаджи» мешітінде еңбек жолын бастаған. 2019 жылдың маусым айынан осы уақытқа дейін Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің наиб имамы болып қызмет жасады.
– Сарыкөл ауданы өте ұнады. Бұл жерде 22 наурыздан бастап жұмысқа кірістім. Алда жоспарларым көп. Бас имамның бастамасымен сауат ашу курсын ашып, «Имани жаз» деген дәстүрлі жобамды бастауға бел буып отырмын, – дейді жас имам.
«Жас келсе – іске» – демекші, ауданымызға келген наиб имамның қадамына сәттілік, ісіне береке тілейміз!
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров