Жұма күнгі сауапты іс

«Қайырымды жұма. Тегін такси»


Осындай жазуларды көліктерінің терезесіне іліп алған мешіт жамағаты қасиетті жұма күні адамдарды баратын жеріне тегін жеткізеді.

Бұл сауапты іс өткен қасиетті жұмада екінші рет ұйымдастырылды. Оны «Аққозы қажы» мешітінің бас имамы бастап, мешіт жамағаты қостады.

– Бұл тегін такси Қостанай облысы бойынша жасалып жатқан акция. Аудан мешіттерінің бәрі жасап жатыр. Біз де өз үлесімізді қосайық деген ниет қой. Осымен Сарыкөлде екінші рет жасалып жатқан шара енді әр жұма сайын ұйымдастырылатын болады. Өткенде 12 машина шықты. Бұл іске белсенді атсалысып жатқанқандардың бәрі мешіт жамағаты, өңірдің қайырымды жігіттері, – дейді Нұрбол қажы Балахметов.

Негізгі мақсат – халықтың арасында қайырымдылықты, мейірімділікті насихаттау. Алла ризалығы үшін, сауап үшін қызмет жасау. Яғни, мешітке келе жатқан кісілер болса, жолда кетіп бара жатқан адамдар болса соларды баратын жеріне тегін жеткізіп салу.
Қайырымдылыққа жаны құмар жандардың қатысуымен өткізіліп жатқан шараға қатысушыларға Алла жолындағы істеріне сәттілік тілеп, сауаптарыңыз еселене берсін дейміз!

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.