«Тіл шебері» аудандық байқау өтті
Сарыкөл аудандық тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған байқауға үш тілді жетік меңгерген оқушылар мен жас мамандар қатысты
Байқау төрт кезеңнен тұрды. Шараның бастапқы бөлімінде қатысушылар өздерін үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) таныстырса, екінші кезең үш тілде берілген мәтін арқылы өз білімдерін көрсетті. Үшінші кезеңде мақалдарды үш тілге аударып, төртінші кезең бойынша берілген суреттерді үш тілде бейнелеп берді. Әділ қазы алқасы қатысушылар ішінен үздік-терін анықтады.
Айталық, І орынды НовоУрицк жалпы мектебінің жас маманы Жансая Кинжибаева иеленді. ІІ орын-ды Өмірзақ Сұлтанғазин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Ұлжан Тасымбай және Чехов орта мектебінің оқушысы Наргиз Кушубенова жеңіп алды. ІІІ орын Соналы негізгі орта мектебінің 9 сынып оқушысы Алена Блинова мен Севастополь орта мектебінің 9 сынып оқушысы Дина Гулияеваға бұйырды.«Тіл шебері» аудандық байқауының жеңімпазы облыстық байқауға жолдама алды.
Жалпы, байқауға белсенді қатысқан басқа да оқушылар мен жас мамандарға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31