Тәуелсіз елдің талантты жастары

Ел тірегі де, болашағы да – осылар


Тәуелсіздік алған және одан кейінгі жылдары дүниеге келіп, бүгінде еліміздің болашағы үшін табанды еңбек етіп келе жатқан жігерлі де жалынды жастар Сарыкөл ауданында да жетерлік.

Солардың дені аудандық мәдениет үйінде еңбек етіп жүр. Олар биылғы жылдың өзінде бірнеше жетістікке қол жеткізіп, мәдениет үйі мен ауданның мерейін үстем қылды.

Айталық, мәдениет үйінің тәжірибелі маманы, әдіскер – Алтынбек Төлегеновтың тәуелсіздік құрдасы екендігін айырықша атап өткен жөн. Себебі, азат елдің ұланы бүгінде Тәуелсіздіктің құрдасы болғанын мақтанышпен айтып жүреді.

– Азат елдің ұрпағы болғаныма мақтан тұтамын. Тәуелсіздікпен бірге түлеп келемін. Ән саласындағы осынау азғантай жетістіктерім Тәуелсіз елімнің арқасы деп білемін, – дейді жас өнерпаз.

Алтынбектің алған асулары аз емес. Биыл Алтын орданың 750 жылдығы және Алтынсарин ауданының 35 жылдығына орай өткен «Алтын Орда – өткеніміз бір, болашағымыз бір» атты облыстық байқауында «Дәстүрлі әнді эстрада бағытында орындау» аталымы бойынша 2-орынды еншіледі. Федоров ауданында өткен «Халқымның сазды әні» өңіраралық фестивалінде алғыс хатқа ие болды. Бұдан дейін де бірнеше байқаулардың жүлдегері атанып, аудан және облыс әкімінің мадақтамаларымен марапатталған.

Сонымен қатар, осы жоғарыда аталған («Алтын Орда – өткеніміз бір, болашағымыз бір») облыстық байқаудың «Күйшілік өнер» аталымы бойынша Абай Сейдахметов та ІІ орынды жеңіп алды. Абай жылы бағы жанған Абайдың жетістігі мұнымен шектеліп қалған жоқ. Қостанай облысы бойынша күйшілік өнерді насихаттау барысында «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы мен кинобейнеқор орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күні аясында аудан, қала домбырашыларының арасында «Күмбірле, қоңыр домбыра!» байқауында 2-орынды еншіледі.

Ал, Федоров ауданы ұйымдастырған «Халқымның сазды әуені» атты ән орындаушыларының аймақтық онлайн фестивалінде көрермендер көзайымына ие болды. «Бәрін айт та, бірін айт» – демекші, осылардың ішінде ең сүбелісі Абай жетекшілік еткен «Сарыкөл сазы» ансамблі Тобыл қаласында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында өткен «Ұлы дала үні этно-фольклорлық ансамбльдер» атты облыстық байқауының бас жүлдесін иеленді. Оның құрамында – Қайсар Ниязұлы, Нағашыбай Ыбырай және Бағдәулет Еркіндер болды.

– Ұжымда жастардың беталасы жаман емес. Биылдың өзінде бірнеше жетістікке жетіп отыр. Әсіресе, Тобыл қаласында қазақ этно-фольклорлық ансамблдері арасында өткен жарыста біздің ауданымыздың атынан қатысқан «Сарыкөл сазы» ансамблі бас жүлдені бағындырды. Жүлде қоры – 165 мың теңге. Ол ақшаны муыкалық аспаптар сатып алу үшін шотқа аударды. Қалаға барып қажетті аспаптарды сатып алып келемін, – дейді аудандық мәдениет үйінің директоры Гүлнара Каскова.

Ал, Александра Виноградованың жетекшілігімен Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай өткен «Жаркөл өрнектері» атты халық би өңіраралық онлайн фестиваліне қатысқаны үшін «Нұр шашу» би ансамблі дипломмен марапатталды. Сондай-ақ, басқа да мәдениет үйінің жас қызметкерлері, шығармашыл өнерпаздар Нағашыбай Ыбырай мен Дамир Сагалов құр алақан қалған жоқ. Екеуі де Федоров ауданында өткен «Халқымның сазды әні» өңіраралық фестиваліне қатысып, Алғыс хаттар арқалап қайтты.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.