Түрлі сала өкілдері тест тапсырды
Сынақ «Қазтест» жүйесі арқылы жүзеге асты
Қазақстан Республикасы Үкіметі 2019 жылғы 31 желтоқсандағы №1045 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына орындаудағы басты мақсаттардың бірі ол мемлекеттік тіл қазақ тілі деңгейін арттыру.
Осы мақсат аясында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы ұйымдастыруымен Сарыкөл ауданы бойынша 2020 жылдың 22-ші кыркүйек күні диагностикалық сынақ тесті өткізілді. Сынақ «Қазтест» жүйесі арқылы жүзеге асты.
Тестілеуге Сарыкөл ауданы бойынша «Сарыкөл ауданы әкімдінің тілдерді оқыту орталығы» КММ тыңдаушылары қатысты. Сынаққа қатысқандар әр түрлі сала өкілдері. Атап айтқанда, прокуратура қызметкерлері, статистика басқармасы мамандары, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері (мектеп мұғалімдері, кітапхана, мәдениет үйі қызметкерлері), өңірлік инспекция мамандары.
«Қазтест» жүйесімен тестілеуге комиссия мүшесі Талапова Гүлнар Маратқызы қатысып, тесттің ережеге сай өтуін бақылады. Тестілеу екі жарым сағатқа созылды. Қатысушылар барлық дағдылар бойынша 150 сұраққа жауап берді.
Тестілеу кезінде барлық санитарлық, гигиеналық нормалар қатаң сақталды.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31