ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында ауылдықтарға қуаныш сыйлаған шараға аудан әкімі Амантай Балғарин қатысты
– Біз, бүгін айтулы сәттің куәсі болып тұрмыз. Өздеріңіз білетіндей, биыл бұдан бөлек ауданда тағы бір мектеп күрделі жөндеуден өтті. Өткен жылы да қос мектептің қуанышы атап өтті тұрғындар. Енді міне, осындай игі бастама келесі жылы да жалғасын табатын болады. Баршаңызды бүгінгі жаңарған мектептің қайта ашылу сәтімен шын жүректен құттықтаймын. Білімпаз өрендер көбейіп, білікті мамандар оларды баули беруіне тілектеспін, – деді өз сөзінде Амантай Кәкімбекұлы.
Сондай-ақ, өңір басшысы құрылыс жұмыстарын жүргізген «ПАН-СТРОЙ» ЖШС-ның ұжымына алғысын айтты.
Бұдан бөлек, ауылдық ШҚ-ның басшысы, еңбек ардагері, осы мектептің түлегі Жолбарыс Әлібаев пен кәсіпкер Баймырза Сатаев жұмысты қадағалаушы мен орындаушыларға ауыл халқының атынан өз ризашылықтарын білдірді.
Айта кету керек, білім ошағына жөндеу жұмыстары «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асты. Құрылыс жұмыстары барысында шатырларды, жылыту жүйесін, еден мен аспалы төбені ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Барлық кабинеттерде қабырғалар тегістеліп, боялды. Спорт зал, кітапхана және мектеп асханасы күрделі жөндеуден өтті. Мектептің қасбеті жаңартылды.
Айтпақшы, қазақтың дәстүрі бойынша шашу шашылып, қонақтар мектептің ішін аралап көрді.
Руслан ӘЛКЕЕВ
С чего начать, если хочешь работать на себя? (далее…)
В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…
1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…
Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)
Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…
Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)
This website uses cookies.