Categories: Новости

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»

Апта басында әкімдікте Жолдауды түсіндіру бойынша жиын өтті. Оны аудан әкімі Амантай Балғарин ашып, жүргізіп отырды.

Алқалы мәжілісте ағымдағы жылдың 2-қыркүйегінде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.

Өңір басшысы бұл Жолдау Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дана саясатын жалғастырып, елдің әрі қарай дамуы үшін жүйелі реформалар жүргізудің қажеттігін айқындайтындығын атап өтті.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлының сайлауалды бағдарламасын негізге ала отырып, ең алдымен халықтың игілігіне қызмет ететін үйлесімді мемлекет құруға бағыт алғанын және бұл мақсатқа билік пен қоғам арасында тұрақты диалог орнату арқылы ғана қол жеткізуге болатындығын жеткізді.

– Жолдау мемлекеттің қоғамдық-саяси өмірін жаңғыртуға, қоғамдық келісімді нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналды. Онда ұлттық экономика мен бизнесті қолдаудың, инфрақұрылымды дамытудың маңызды міндеттері, сонымен бірге халықтың бірқатар әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары көрсетілді.
Сондықтан баршамыз бірігіп, Жолдауда белгіленген өзекті міндеттерге сүйене отырып, әрбір салада нақты жоспарлар құруымыз керек. Бұл тапсырмаларды іске асыру – елімізді дамытудың жаңа сапалы кезеңіне шығуына негіз болмақ, – деді аудан әкімі.

Талқыланған маңыздың құжаттың басым бағыттары бойынша 5 адам сөз сөйледі.

Алғашқы болып аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, Сарыкөл ауданының құрметті азаматы Валерия Стародуб баяндама жасады.

Одан кейін сөз алған аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Талғат Доспулов Конституцияға сәйкес мемлекетіміздің ең жоғары құндылығы – бұл адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Жазасыздыққа қарсы тұру, барлық түрдегі қылмыстық әрекеттерге қарсы тұру – бұл қауіпсіз қоғам құруға берік негіз болатындығын баяндады.

Ал, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Болат Қарбанов болса, «Жоғары өнімді бизнес – мықты экономиканың даму факторы» тақырыбында сөз етті.

Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының өнімділігі мен сапасын дамыту мәселесі бойынша «Мелитополь» ЖШС директоры Эдуард Двуреченский сөз сөйледі. Ол Жолдауда Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға айрықша назар аударғанын, жер біздің басты байлығымыз және оған жұмыс істейтіндерге тиесілі болуы керектігін атап өтті.

Ал, «Сарыкөл ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы Наталья Анатольевна Кравченко Жолдаудағы маңызды бағыт мемлекеттің әлеуметтік жаңаруының жаңа кезеңіне көшу ретінде айқындалғанына тоқталды.

Биыл Мемлекет басшысы түрлі санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау бойынша бірқатар ауқымды шараларды қолға алғанын бұл шаралардың біздің өңірде қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы айтып берді.

Жалпы, жиынды қорытындылаған аудан басшысы:

– Алдымызда көп еңбекті талап ететін ауқымды жұмыс тұр.
Мен баршаңызды Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жоғары жауапкершілікпен атқаруға шақырамын, – деп түйіндеді өз сөзін.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Армысың, Әз-Наурыз!» – Сарыкөлде Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті

Бүгінгі ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады (далее…)

1 неделя ago

Юные спортсмены Сарыкольского района покоряют асық ату и бес асық

Сила традиций и дух соревнований: асық ату и бес асық объединяют молодежь (далее…)

2 недели ago

Сарыкөл кентінде Наурыз мейрамына орай «Көже party» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды

Н.Дәулетова атындағы аудандық кітапханада Наурыз мейрамына орай «Көже party» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. (далее…)

2 недели ago

В Сарыколе прошёл открытый районный турнир по мини-футболу среди мужчин

Спортсмены, неся надежду своих районов, подошли к турниру с всесторонней подготовкой. (далее…)

2 недели ago

101-летний житель Сарыколя принял участие в референдуме

101-летняя жительница Сарыколя Августа Дубровец сделала свой выбор на Общенациональном референдуме по принятию новой Конституции…

2 недели ago

This website uses cookies.