Соналы ауылының тыныс-тіршілігі

Бұл – ауданнан 20 шақырымдай қашықтықта жатқан қазақ ауылының бірі де, бірегейі

Соңғы жылдары шағын ауылға Оңтүстік Қазақстан облысынан бірнеше отбасы қоныстанды. Олар мемлекеттік бағдарлама бойынша берілетін қаражатқа үй сатып алды. Солардың бірі былтыр көшіп келген – Ахиповтар отбасы.

Отағасы – Шерхан мал шаруашылығын дамытумен айналысуда. Былтыр 40 бас ірі қара тұқымын сатып алыпты. Бұған мемлекет қолдауының арқасында қол жеткізіп отыр. Яғни, «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша несие алған.

– Былтыр 40 бас өгіз тұқымын алдым. Оларды бағу үшін ат алдым. Енді, биыл соларды сатып, аналық бас алып жатырмын. Олардың ішінде қазақтың ақ бас сиыры да, Әулиекөл тұқымы да бар. Ісім ілгерілеп жатса, алдағы уақытта ет бағытымен айналысқым келді, – дейді жас кәсіпкер.

Әрине, Шерхан Ахиповтың бұл тірлігі көңіл қуантады. Жұбайы үй шаруашылығымен айналысса, екі баласы мектепте оқиды.

– Ауыл да, көршілер де жақсы. Бәрі ұнайды, – дейді Ахиповтар отбасы.

Мектеп демекші, киелі шаңыраққа да бас сұқтық. Мұнда карантин кезіндегі талаптардың бәрі сақталған. Табалдырықтан тексеріп кіргізді. Өзіміз куә болғандай, өзгерістер де көп екен.

Соналы негізгі мектебінің директоры Балдырған Халикованың айтуынша, жылдан жылға мектепте бала саны көбейіп келеді. Алдағы уақытта осы үрдіс жалғаса берсе, қайтадан орта мектеп дәрежесін алып қалу да ғажап емес.

– Білім деңгейіміз артып келеді. Соңғы жылдары жас мамандармен де қатарымыз толғып жатыр. Орыс тілі, биология, химия және информатика пәнінің мұғалімдері келді.

Айтайын дегенім, мектебімізге жомарт жандар қол ұшын созудан жалыққан емес. Былтырғы жылы кәсіпкер Сатаев Баймырза Хаербекұлы линолеум, сыр, үш ноутбук сатып алып берді. Биыл да қол ұшын созамын деп жатыр. Сондай-ақ, жерлесіміз, белгілі кәсіпкер Есенгельдинов Айтжан Тайгенұлы шағын орталыққа түкті кілем, концерт залына орындықтар сыйла¬ды. Үнемі жағдайымызды біліп, көмектесіп тұрады. Жаңа жылда, мерекелерде ауылдағы балаларға тәтті сыйлықтар таратады, – дейді Балдырған Баянқызы.

Бәрінен де мектеп ішіндегі бір бөлмеге ауыстырылған шағын мұражай көздің жауын алады. Әсіресе, оның ішіндегі құндылықтар рухани дүниеңді байытуға бағытталған. Онда: «Ұлы даланың Ұлы есімдері», «Қазақтың ғұламалары, хандары, батырлары», «Алаш арыстары мен ел қорғаған ерлер» және «Отан үшін от кешкендер» сияқты тақырыптардан құралған қабырғалар бар.

Белгілі журналист, жазушы-ғалым соналылық Жұмағали Ысмағұловтың костюмі ілулі тұр. Айтпақшы, осы мектепте 40 жылға жуық мектеп директоры, ұстаздық қызмет атқарған Қаду Оразбекұлының ұстаздық жолы мен өміріне арналған стенд қойылыпты. Сонымен қатар, «Ауылым – алтын бесігім», «Соналы ауылының макеті» және қазақтың киіз үйінің қабырғасында ілінген дәстүрлі киімдер мен қол өнер бұйымдары мен мұндалайды.
Жалпы, «Рухани жаңғыру» аясында жүзеге асырылып жатқан ірілі-ұсақты істерді көріп, рухани әсер алып қайттық.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

После семи лет ожидания жителей села Златоуст Сарыкольского района приступили к ремонту дороги к их населённому пункту

В этом убедились златоустцы, когда на дороге районного значения появилась специальная техника, ровняющая ухабистое дорожное…

3 дня ago

Сәкенге арналған сайыс

Дәстүрлі дода өз жалғасын тапты (далее…)

4 дня ago

Как журналист Костанай Медиа рыбу ловила. Репортаж из Сарыколя

Удивительное время года весна. Едва сошёл снег с полей и растаял лёд на водоёмах, а…

6 дней ago

Сарыкөл ауданында сотталғандар арасында жарыс өтті

Олар спорттық жаттығу жасаудан сынға түсті (далее…)

2 недели ago

Сарыкөл ауданында “Жасыл аймақ” апталығы басталды

Бұл "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды. (далее…)

2 недели ago

Закрыто движение для транспорта на участке в Сарыкольском районе

На территории Костанайской области в районе п.Севастополь Сарыкольского района с 18:15 часов 23 апреля 2024…

2 недели ago

This website uses cookies.