Соналы ауылында көп балалы аналарға құрмет көрсетілді

Яғни, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары өз иелеріне табысталды

Ауылдағы мектепте өткен салтанатты шара барысында аналарды аудан әкімінің орынбасары Данияр Шарипбаев өңір басшысының атынан құттықтап, ананың бала тәрбиесіндегі және қоғамдағы жоғары рөлін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 30-қыркүйектегі Жарлығына сәйкес, көпбалалы аналарға мемлекеттік наградаларды беру шешімі бекітілді. Міне, бүгін соны табыстаудың сәті түсіп отыр. Қадірменді аналар, Сіздер, қандай құрметке де лайықсыздар! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді Данияр Әнуарұлы.

Шарада 32 жастағы 8 баланың анасы Ұлтуған Сүндеталина «Алтын алқа» иегері атанса, ал 36 жастағы 6 баланың анасы Светлана Сундеталина «Күміс алқаны» омырауына тақты.

– Соналы ауылы киелі жер. Алдынғы буын апа-әжелеріміздің жолын жалғап, көп балалы ана атанып, бақыт құшағына бөленіп отырмыз. Мемлекет те қамқорлық көрсетіп келеді. Жалпы, әйел үшін басты бақыт – ана атану. Бізідң ең басты байлығымыз – осы балаларымыз. Болашақта соларды тәрбиелі, білімді азамат қылып өсіргіміз келеді. Біздей жас аналарға көрсетіп отырған құрмет, қамқорлық үшін алғысымызды айтамыз, – дейді көп балалы аналар.

Айта кеткен жөн, аналарды ұлықтау рәсіміне Тәгіл ауылдық округінің әкімі Сағынбай Сүндеталин, мектеп директоры Балдырған Халикова және ауыл ақсақалы Қаппас Бекмағамбетов қатысып, ардақты жандарға жүрекжарды лебіздерін жеткізді.

Қорыта айтқанда, «Адам өміріндегі ең үлкен қуаныш – бала сүю» – деп Бауыржан Момышұлы бабамыз айтқандай, балалы болу бақыт, ал көп балалы болу одан да үлкен бақыт. Сонымен қатар, көп баланың анасы болу нағыз ерлікке жатады.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Новая техника и ставка на масличные: как проходит уборочная страда в Сарыкольском районе

В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…

6 дней ago

Сарыкөл ауданының әкімі сайлауға қатысты

Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…

2 недели ago

Бір шаңырақ — бір таңдау: Жантемировтар отбасы сайлауда азаматтық белсенділік танытты

Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…

2 недели ago

Подучетные службы пробации Сарыкольского района получили правовую консультацию

Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…

3 недели ago

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.