Үш күн бойы Қостанай қаласында шахматтан өткен облыстық чемпионаттан жерлестеріміз олжамен оралды
Жарысқа Қостанай, Рудный, Арқалық қалалары мен Ұзынкөл және Сарыкөл ауданының спортшылары қатысты.
Барлығы 200 оқушы бақ сынасты.
Соның ішінде Сарыкөл ауданынан барған шахматшылар жақсы нәтиже көрсетті.
Айталық, 8 жасқа дейінгілер арасында Арлан Бекенов 2-орынды еншілесе,
12 жасқа дейінгілер бойынша Ануар Хайруллин да 2-орынды иеленді.
Ал, 16 жасқа дейінгілерден Адия Досмаилова жүлделі 1-орынды жеңіп алды.
Жерлестерімізді жүлделерімен құттықтап, алдағы уақытта да жеңістер тілейміз!
Руслан ƏЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров