Сарыкөлдік спортшыларға құрмет көрсетілді

Үздік спортшылар марапатталды

Аудандық мәдениет үйінде облыстық спартакиададан жүлдемен оралған спортшыларды құрметтеп марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты жиынға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Әлия Бекмағамбетова ауданымыздың спортшыларын құттықтап, байрақты бәсекелерде аудан намысын абыроймен қорғап жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.

– Бізде мықты спортшылар көп. Оны ауданда, ауданнан тыс жерлерде өткен жарыстарда анық байқадым. Сондықтан спортқа, спортшыларға жан-жақты қолдауды күшейте түсетін боламыз. Олардың мәселелері оң шешімін табуы тиіс»,- деді Әлия Молдабайқызы құттықтау сөзінде.

Аудан әкімінің мадақтама қағаздарымен облыстық спартакиадада 1 орындарға ие болған Роман Ниязев (жеңіл атлетика) пен Бақытбек Мусин (еркін күрес), 2 орынды еншілеген Аян Кабалаков (еркін күрес) және 3 орындарды місе тұтқан Любовь Гузиева (әйелдер күресі) мен Елизавета Ширина (әйелдер күресі) марапатталды. Сонмен қатар, спартакиадаға өз үлесін қосқан жаттықтырушылар мен әдіскерлер және дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдерінің мерейі үстем болды. Олардың қатарында – Виктор Долгих, Арман Шаймерденов, Артем Науменко, Виктор Старченко, Алибек Шонов, Тәтімбет Мусин, Нұрлан Тайжанов, Владимир Головков, Полина Пошатова, Александр Шлоссер, Нұрша Данияров және Арман Дандыбаевтар болды.

Салтанатты кеште мәдениет саласының қызметкерлері өнер көрсетті.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.