Сарыкөлдік оқушылар робототехниканы меңгеруде
Робототехниканы білу – заман талабы, балаларға шексіз мүмкіндіктер береді.
Соңғы жылдары Сарыкөл кентіндегі білім беру мекемесінде Цифрлы жобаларға дендеп көңіл бөліп келеді.
2018 жылы Урицкий мектеп-лицейінде 8 млн.теңге сомасына демеушілік қаражат есебінен заманауи ақпараттық сандық технологиялар кабинеті ашылды.
Онда қосымша білім алушылар, балалар, жастар өздерінің бағдарлама жобаларын жетілдіріп, білімдерін шыңдап келеді. Олар робототехника және 3D-модельдеу бойынша аудандық және облыстық жарыстарға қатысатын болады.
Сонымен қатар, осы аталған мектеп республикалық ғылыми жобалар байқауында көрсеткен үздік нәтижесі үшін Қостанай облысының әкімі табыстаған интерактивті жабдықтың 5 жиынтығы сертификатына ие болды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен №1 Урицкий орта мектебіне 11 орынға арналған IT-сынып, Өмірзақ Сұлтанғазин және Тимирязев орта мектептеріне екі робототехника кабинеті ашылды. Жобалардың жалпы құны – 9 млн.теңгеден асады.
«Рухани жанғыру» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларын іске асыру аясында аудан орталығының 2 жеке меншік балабақшасында ойлау-қабілетін ерте дамытатын «Лего-конструкциялау негіздері» жобасы өз жұмысын бастады.
Мекеме басшылары жоба аясында балабашқа балақайларына жалпы сомасы 900 мың теңгеге Lego Education «Өз тарихынды құрастыр» атты жинақтарды тапсырды.
Мамандардың айтуынша, робототехника мектепте – балаларды қазіргі заманда, жоғары технологияларға толы өмірге балаларды дайындау тәсілі. Сонымен қатар, бұл қазіргі заманның қажеттілігі, өйткені жылдан жылға жаңа жоғары технологиялар артып келеді.
– Робототехниканы білу – заман талабы, балаларға шексіз мүмкіндіктер береді және технологиялардың әрі қарай дамуына жол береді. Ал, жаңаша жабдықталған «Робототехника» кабинеті оқушыларды әр деңгейдегі олимпиадалар мен сайыстарға дайындалуға мүмкіндіктерін кеңейтіп, ақпараттық кұзыреттіліктерін, танымдық талаптарын, білімге деген құлшыныстарын асырады, – дейді «Жастар және балалар шығармашылық үйінің педагогы Сагадат Дандыбаев.
Ең бастысы, қосымша білім алу аясында ақпараттық технология Урицк мектеп-лицейі оқушыларына өз қолдарымен робот модельдерін жасауға мүмкіндік туғызады.
Қәзіргі таңда оқушылар облыстық түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр.
Нәтижесінде, «SUMO» категориясы бойынша Урицк меткеп-лицейінің оқушылары, «Robotex2» тобының мүшелері – Батырхан Шукенов (жетекшісі Сағадат Дандыбаев, балалар шығармашылық үйі) 1-орынды, Сергей Лукашевич (жетекшісі Сергей Пошатов, Урицк мектеп-лицейі) 2-орынды иеленді. Екеуі де Қостанай қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебіні директорының қолы мен мөрі қойылған мадақтама қағазымен марапатталды.
Жалпы, мұның бәрі еліміздің келешек жастары үшін жасалып жатқан игі қадамдар. Осындай озық техниканы меңгерген жастар барда Қазақстан дамыған өркениетті елдердің қатарына, яғни алдыңғы «отыздыққа» қосыла алады.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31