Сарыкөлдік кәсіпкерлер дала күніне қатысты
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейе түспекСарыкөл ауданы Мелитополь ауылында дала күні форматында өткен іс-шараны “Мелитопольское” ЖШС агроқұрылым басшысы Эдуард Двуреченский мен “Rainbowagrosciencekazakhstan” компаниясы, Польшадан келген “Intermag” компаниясы және “Украгротехэкспорт” ЖШС бірлесіп іске асырды. Әрине, бұл орайда жергілікті әкімдіктің де қолдауы зор екенін айта кеткен жөн.
Іс-шараға аудан әкімі Амантай Балғарин арнайы қатысып, сөз сөйледі. Ол кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейту, дала диқандарының жұмысын жаңа технологиялармен жеңілдету мақсатында сан қырлы тақырыпта өрбіген семинарды ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
-Біз әр жыл сайын Сарыкөл жерінде осындай маңызды іс-шараларды өткізу үшін қолдау көрсетіп келеміз. Біздің мақсатымыз диқандарымыздың дала жұмыстарында ешқандай кедергіге тап болмай, тіпті ауа райының қолайсыздығына қарамастан өз өнімдерін шашпай-төкпей қамбаға құюларына кәсіби деңгейде, сіздердей білікті мамандардың кеңестері мен көмектері арқылы тәжірибе алғанын қалаймыз. Сондықтан, осындай маңызды іс-шаралар жыл сайын ауадай қажет, – деп атап өтті Амантай Кәкімбекұлы.
Іс-шара барысында көптеген білікті мамандар түрлі мысалдар келтіре отырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Солардың бірі Қостанай облысының Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қауымдастығының және Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасының АӨК мәселелері жөніндегі салалық кеңесінің өкілі, “Мелитопольское” ЖШС агроқұрылым басшысы Эдуард Двуреченский. Ол инновациялық препараттарды қолдану, ауыл шаруашылығы дақылдарын жапырақты азықтандырумен қоректендіру және дәнді дақылдардың прогрессивті сорттарын сынау арқасында тік егіншілікті енгізу, өсімдіктерді аурулар мен зиянкестерден қорғау бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Барлық өкілдерді тыңдағаннан кейін қатысушылар алдағы бес-он жылда ғылымның қайда кететінін және оның бүгінгі жетістіктерін жақсы өнім алу үшін өз алқаптарында тиімді пайдалануға болатынын түсінді. Агроқұрылым серіктестері ұсынған шешімдерді қолдану нәтижесін қатысушылар сайттардың демо-көрсетілімдері кезінде өз көздерімен көріп, бағалай алды.
Облыстық Кәсіпкерлер палатасы Сарыкөл аудандық филиалының директоры Руслан Молдабековтың айтуынша, мұндай іс-шаралар өңіріміздің нақты жағдайлары үшін оңтайлы шешімдер табуға мүмкіндік береді. Бұл ауданның аграрлық өндірісінің тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Олай болса, кәсіпкерлерімізге кәсіби деңгейде мол жетістікке жетіп, ауданымыздың аграрлық саласын дамыта беруін тілейміз!
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31