Сарыкөлдік Қалмұратовтар мен Нұрғалиевтер отбасы – «Мерейлі отбасы» атанды

Аудандық байқауда Сарыкөл ауданында шаңырақтың шырайын кіргізіп, отбасылық құндылықтарды дәріптеген өнегелі жанұялар марапат биігінен көрінді.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына қатысқан үлгілі отбасылардың қатары тағы да толықты. 2014 жылдан бері байқауға алпысқа жуық отбасы өтінім беріп, оның оннан астамы облыстық кезеңге жолдама алған. Аудандық мәдениет үйінде өткен «Жайнай, бер – Астана! мерекелік шара ұлттық байқаудың аудандық жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне жалғасты.

Ұлттық құндылықтар мен шаңырақтың береке-бірлігін насихаттайтын шарада аудан әкімі Амантай Балғарин «Бүгінгі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңінде белсенділік танытып, қатысқан әр отбасыға шынайы алғысымды айтамын. Баршаңызды мерейлі мерекемен тағы да құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке тілеймін», – деп жылы лебізін білдірді.

Аудан әкімі Амантай Балғарин жеңімпаз атанған және байқауға қатықан отбасыларға ақшалай сыйлықтар мен арнайы дипломдар табыстады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңіне Сарыкөл кентінде тұратын Қалмұратовтар мен Урожайный селосында тұратын Нұрғалиевтар отбасы жолдама алды.

Қалмұратовтар отбасының отағасы – Берік Мырзабекұлы Сарыкөл кенті әкімінің орынбасары болып жұмыс істейді. Жұбайы Эльмира Бахдатқызы – медициналық әулетті жалғастырып, Сарыкөл аудандық ауруханасында фельдшер болып еңбек етуде. Отбасында отбасылық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар сақталған, барлық отбасы мүшелері бір-біріне қамқорлық пен қолдау көрсетіп келеді.

Урожайный селосында тұратын Нұрғалиевтер отбасы – облыстық байқауға әбден лайық. Осыдан 47 жыл бұрын Бауыржан Мұқтарұлы мен Гүлнар Оразбайқызы отбасын көтерген. Олардың мерейлі отбасында үш ұл, ұл қыз дүние есігін ашты. Бүгінде ұлдары ұяға, қыздары қияға қондырған. Барлығы да жоғары оқу орынын бітіріп, табысты еңбек етуде.

-Біздің отбасының басты ұстанымы – бір-бірімге құрметпен қарау, отбасылық құндылықтарымызбен дәстүрімізді бұзбау, – дейді отағасы Бауыржан Нұрғалиев.

Айта кету керек, Нұрғалиевтер отбасы осыдан төрт жыл бұрын қатысып, екінші орын алған екен.

-Отбасы құндылығы жайында айтатын болсам, ата-анадан басталатыны бәріне белгілі. Бізді өмірге әкелген тіршілігіңе нәр берген ата-анаңның алдында адамның парыз – міндеті өлшеусіз. Міне, сол ата-анамызға отбасымыздың жарасым тауып отырғанын көргеннен артық бақыт жоқ. Ананың ақ сүтін, әкеңнің адал күшін ақтау — өз болашағыңда сақтау жастарға құлақтарына құйып отырамыз. Отбасы шаттығын қалыптастырудың бір тетігі де осында жатыр деп ойлаймыз. Отбасылық құндылықтар дегеніміз бір-бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт-дәстүрі, – дейді Нұрғалиевтер отбасы.


Ал, Сарыкөл кентінен қатысқан Таржиковтар, Жолаушыбаевтар, Жұмағұловтар отбасы қатысқаны үшін, отбасы құндылығын насихаттап жүргендері үшін аудан әкімінің Алғыс хатымен ақшалай сыйлыққа ие болды.

Жалпы, «Мерейлі отбасына» қатысқандардың қай-қайсыда марапатқа лайық. Таржиковтар жанұясы – көп балалы әрі жан-жақты. Отағасы Уәлихан Амануллинұлы «Таржиковтар» ЖК басқарады. Жұбайы Күләш Жақыпқызы – үй шаруасында, барлық уақытын балаларына арнайды, олардың жан-жақты дамуына үлес қосуда.

-Менің ең басты хоббиім – отбасымен бірге, қасында болсам, – дейді Күләш Жақыпқызы.

Крылов селосы атынан қатысқан Жолаушыбаевтар жанұясы – көпұлтты отбасы. Бүгінде бес бала тәрбиелеп отыр. Отағасы Азамат Әбдіхалықұлы «АгроПарасат» ЖШС дәнекерлеуші, жұбайы Людмила Сергеевна Крылов жалпы білім беретін мектебінде мұғалім. Тату отбасының өзіндік ұстанымы бар, екі ұлттың да салт-дәстүрлерін қатар ұстанады.

Сарыкөл кентінде тұратын Жұмағұловтар отбасы. Олардың басты мақсаты – отбасылық құндылықтарды қалыптастыру. Отбасындағы балаларды тәрбиелеудегі басты мақсат – еңбекқорлық және ата-ананың еңбегіне құрметпен қарау. Барлық отбасы мүшелері бір-біріне көмектесіп тұрады және бір-біріне деген құрмет пен қамқорлықтары ерекше.

Шұға ҚОҢҚАБАЙ
Суреттерді түсірген Ербол ЖОЛДЫБАЙҰЛЫ

Редактор

Recent Posts

Сарыкөл ауданында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау-фестивалі өтті

Ұлттық өнер құндылығы дәріптелген іс-шарада аудан өнерпаздары өнерлерін паш етіп, шеберліктің шыңын көрсетті. (далее…)

2 недели ago

Подучетных службы пробации Сарыкольского района познакомили с программами по поддержке молодежи

В Сарыкольском районе прошла встреча с лицами, находящимися на учете в службе пробации, на котором…

2 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

This website uses cookies.