23 маусымнан 1 шілде аралығында Семей қаласында 5-6 сынып қыздары арасында футболдан республикалық ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңі өтті.
Турнирде 14 команда қатысты. Қостанай облысының атынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары Тагиль жалпы білім беретін мектебінің командасы сынға түсті.
-Футбол – бұл жақсы дене шынықтыру дайындығы ғана емес, ол ұжымдық ойлауды дамытып, баланың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Командадағы қарым-қатынастың арқасында балалар әлеуметтік дағдыларды, ерік-жігерді, сондай-ақ еңбекқорлықты жетілдіреді, осының барлығы тек футболда ғана емес, кез келген басқа спорт түрінде де жетістікке әкелетіні сөзсіз. Балалардың спортқа деген бейімін шыңдау, спортты дамыту және насихаттау. Оқушылардың аяқ доп ойнауға деген қызығушылығы жоғары, – деп атап өтті Тагиль жалпы білім беретін мектебінің дене тәрбиесі мұғалімі әрі жаттықтырушысы Виктор Старченко.
Қостанай облысы Сарыкөл ауданының Тагиль жалпы орта білім беру мектебінің командасы сүйсіндірді.
-Қыздарымыз ұлттық мектеп лигасының жеңімпазы болғанына біз мақтанамыз! Команданы және дене тәрбиесі мұғалімі Старченко Виктор Сергеевичті бұл керемет жетістігімен құттықтаймыз және оларға одан әрі жеңістер мен табыстар тілейміз!, – деп тілек білдіреді дене тәрбиесі және қосымша білім беру орталығының мамандары.
Шұға ҚОҢҚАБАЙ
С чего начать, если хочешь работать на себя? (далее…)
В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…
1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…
Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)
Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…
Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)
This website uses cookies.