Сарыкөлде имамдар арасында өткен семинар мен сайыс

11 наурызда Сарыкөл ауданында «Аққозы қажы» мешітінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет «Дін мен дәстүр рухани тірегіміз» тақырыбында көшпелі семинар және «Тәні саудың – жаны сау» атты қысқы спорт түрінен сайыс өтті.

Бұл шаралар – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 30 жылдығы мен Наурыз мейрамына орай жүзеге асырылды.

Алдымен, өңірімізге келген Қостанай облысының қала, аудан имамдарын аудан әкімі Амантай Балғарин арнайы қабылдап, істеріне сәттілік тіледі.

Бұдан кейін салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында “Батыр” стадионында шаңғыдан сайыс өткізілді.

Оған 30-дан астам адам қатысты. Дін қызметкерлері үш топқа бөлініп, сынға түсті. Бір қызығы, олардың арасында бірі шаңғыны алғаш рет ұстаса, ал, енді бірі 30 жылдан кейін теуіп тұр. Соған қарамастан, сәлде шапанын спорттық киімге ауыстырып, дүбірлі додаға қатысып кеткендер спорттан алыс емес екендіктерін дәлелдеді. Имамдарға жиналған жұрттың қошеметі ерекше болды. Әсіресе, сайыста бақ сынағандардың ішінде жас шамасы 60-ты алқымдағандар да болды.

Алғашқы кезең бойынша 1-орынды ауданымыздың имамы Нұрбол қажы Балахметов жеңіп алды. 2-орынды Федоров ауданының имамы Ерлан Тілегенов иеленсе, 3-орындар мешіт жамағаты Қалыбай Идирисов пен Сұлтан Қожагелдинге бұйырды.

Ал, екінші топ арасында біріншіні сарыкөлдік мешіт жамағаты Дәулет Шектыбаев бағындырса, екіншіні Әулиекөл ауданының имамы Нұрлан Сыздықов еншілеп, Лисаков қаласының имамы Сабыржан Исмурзин үштіктен көрінді.

Сондай-ақ, жастар арасында I жүлдеге Жітіқара ауданының имамы Мейіржан Бердіғожин, II жүлдеге Меңдіқара ауданының имамы Еркебұлан Қошан және III жүлдеге Қостанай қаласы «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдагалиев қол жеткізді.

Айта кеткен жөн, ауданымызға ат басын бұрған мәртебелі меймандардың тікелей қатысуымен, кітапхана, ішкі істер бөлімі, өрт сөндіру, және басқа да мекемелерде келелі кездесулер ұйымдастырылды.

Шара барысында “Рухани жеті қазық”, “Отанды сүю иманнан”, “Дінаралық, ұлтаралық татулық”, “Жат ағымдардың қасыреті”, “Ұлттық салт-дәстүрімізді құрметтейік”, “Туған жерге туынды тік”, “Иманды ұрпақ біхздің болашағымыз” және “Дін және дәстүр” сияқты тақырыптар қамтылды.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Туберкулез в Сарыкольском районе: меры реагирования

Приоритетным направлением работы Сарыкольского управления санитарно-эпидемиологического контроля является профилактика инфекционных болезней и обеспечение санитарной охраны…

16 часов ago

Бүгін Сарыкөл ауданындағы Крылов ауылында жаңа медициналық пункт ашылды

Денсаулық сақтау саласы – әлеуметтік саланың негізгі бағыттарының бірі (далее…)

3 недели ago

Бүгін Сарыкөл ауданындағы Крылов ауылында жаңа медициналық пункт ашылды

Денсаулық сақтау саласы – әлеуметтік саланың негізгі бағыттарының бірі (далее…)

3 недели ago

Сарыкөл кентінің орталық алаңында бас шыршаның шамы жағылды

Аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлады (далее…)

3 недели ago

Сарыкөл ауданына Қытайдан инвесторлар келді

Алдымен оларды аудан әкімі қабылдап, дөңгелек үстел өткізді (далее…)

3 недели ago

Свежий ветер перемен

Село Троебратское - это самая окраина района, что на границе с Северо - Казахстанской областью.…

4 недели ago

This website uses cookies.