Сарыкөлде ел Тәуелсіздігінің  30 жылдығына орай  «Жомарт жүрек-2021» сыйлығының иегерлері марапатталды

Аудан әкімдігінде өткен салтанатты шараның басты меймандары туған жерін, өскен өлкесін дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар болды

Оларды аудан әкімі Амантай Балғарин арнайы құттықтап, марапаттады.

– Елбасымыз өзінің бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасында іскер азаматтарды туған өлкені түлетіп, ауыл тұрмысын жақсартуға атсалысуға шақырған болатын. Кез келген адамның туған жеріне деген патриоттық сезімін оятқан құнды жобаның нәтижесін бүгінде ел көріп отыр.

Осы жоба аясында туып-өскен ауылында ірі әлеуметтік жобаларды іске асырып, көпбалалы отбасылар мен ата-ананың қарауынсыз қалған жетім балаларға көмек қолын созып, қайырымдылық жасап жүрген жандар аз емес.

Бүгінгі марапат иелері де ауданымызға еңбегі сіңген тұлғалар, – деп атап өтті ол. Сонымен қатар, Амантай Кәкімбекұлы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайырымдылық және әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды жүзеге асыруда көрсеткен көмегі үшін барлығына шын жүректен алғысын білдірді. Айта кетейік, «Өтемісов» ШҚ (басшысы Шойынтай Өтемісов) «Жылдың үздік ұйымы», «Аникин» ШҚ басшысы Сергей Аникин «Туған өлке», «Сатаев» ШҚ басшысы Баймырза Сатаев  «Жыл меценаты» және белгілі кәсіпкер, меценат,  Қостанай облыстық мәслихатының депутаты Айтжан Есенгельдинов «Жыл тұлғасы» номинацияларымен марапатталды.

Руслан Әлкеев

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.