Сарыкөл кентіне келген жас мамандар

Олар «Дипломмен-ауылға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы келіп отыр

Бұл жоба Елбасының бастамасымен ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мамандарға қолдау көрсету мақсатында, 2009 жылдан бастап іске асырылуда. Биыл – 10 жыл.

Сарыкөлге келген маманның бірі – қызылордалық Болат Нәби. Ол 2014 жылы Қостанай мемлекеттік педагогиқалық университеті, филология факултеті қазақ әдебиеті мамандығына түсіп, оны 2018 жылы бітірген. Бүгінгі таңда тілдерді оқыту орталығында жұмыс істейді.

– Осы мамандықты тандағаным, бала кезімнен журналист болуды армандадым. Бірақ, филологқа түстім. Болашақта мақсатым, осы мамандықта жұмыс жасау.

Нақтырақ айтатын болсам, Солтүстік өнірінде ақсап тұрған қазақ тілі мәселесін көтеру, дамыту және қазақ тілін латын графикасына көшуіне өз үлесімді қосу.
Алдағы уақытта, «Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша мемлекет тарапынан көмек алып, сол ақшаға үй алып, осы жерде қызмет атқарғым келеді. Себебі, Сарыкөл өте ұнады. Болашағы зор жер, – дейді жас маман.

Болат тілдерді оқыту орталығында қазақ тілі пәнінен сабақ береді. Инстаграм желісінде түсіндірме жұмыстарын жасайды.

-Түсіндірме жұмыстары ол латын қарпінде. Мысалы, оған қалай көшіп жатырмыз, соны адамдарға түсіндіреміз. Сондай-ақ, оның қалай жазылатынын, қандай ерекшелектері бар екендігін үйретеміз, – дейді ол.

Болат Ғаниұлының айтуынша, олар алдағы уақытта өтетін Тәтіқара жырауға арналған, жыр дастан байқауына дайындық үстінде.

Жұмысқа білек сыбана кірісіп кеткен жас маманның басқа айтары жоқ.

Ал, аталған бағдарлама бойынша Шымкент қаласынан келген жас маманның бірі – Қайсар Ниязұлы. Бүгінде мәдениет үйінде жұмыс істеп жатыр.

Жас маман домбырашы мамандығы бойынша колледж аяқтаған соң, Нұр-Сұлтан қаласындағы қазақ ұлттық өнер университетінде 4 жыл білімін жалғастырды.

– 9 сынып бітіріп, содан кейін колледжге халық аспаптары – домбыра, бойынша оқуға түстім. Дирежерлықта, фортепианода да оқыдым. Елордаға оқуға түсуімнің себебі, бас қалаға байқауға келдім, содан қабылдандым. Енді, міне, сәті түсіп Сарыкөлге де келіп жатырмын, – дейді Қайсар.

Бүгінде мәдениет үйінің домбырашы маманы атанған жас жігіт болашақта домбыраны дамытып, оны жоғары дәрежеге жеткізу жоспарын жасырмады.

– Домбыраны білмейтіндерге оның не, қандай зат екенін көрсетіп, үйретіп, тарихымен бөліскім келеді. Домбыра аспабы қазақ қанына сінген зат. Сол себептен әр қазақ оны білуі керек. Сол үшін келдім осында.

Ал, өзім спортқа жақынмын. Әсіресе, футбол ойнауды ұнатамын. Сарыкөлде спорттық алаңдар көп екен. Кешке қарай осында балалармен доп ойнаймыз, салауатты өмір салтын ұстанамыз – дейді жас домбырашы.

Сондай-ақ, туған жеріне маман болып оралған жастардың бірі – Зарина Байдусова мен Бауыржан Жапаев. Оларды ерекше атап өтуге болады. Себебі, екеуі де Сарыкөлде туып, өсіп, оқыды. Енді, міне, кіндік қаны тамған жерге маман болып қызмет етуге келді.

Зарина 2015 жылы Қостанай педагогикалық колледжіне түсіп, оны биыл бітіріп отыр. Өзі жұмысқа орналасып жатқан өнер мектебінде би үйірмесінде тәлім алған. 3-4 курста оқып жүргенде Қостанай қаласында жеке би үйірмесін ашқан. Ол жерде балаларды жинап, түрлі билерді үйретті.

Шәкірттері облыстық жарыстарда жүлдеге ие болды. Сол тәжірибесімен туған жерінде де бөліспек.

Жалпы, өзім бимен айналысуды ұнатамын. Бұл мамандыққа бала кезімнен құштар болдым. Қәзіргі таңда бірнеше біліктілікті арттыру курстарынан өттім.

Туған жеріме келіп, еңбек ету мен үшін үлкен жетістік, – дейді жас биші.

Ал, Бауыржан Жапаев болса, ол да өнер мектебіне жұмысқа орналасты. Ол өзінің туған жеріне келіп, еңбек жолын бастап жатқанына өте қуанышты.

-Мен, 2015 жылы Рудный музыкалық колледжіне түстім. Сол кезде Сарыкөл ауданы бойынша саксофон мамандығын таңдаған мен ғана болдым, -дейді жас маман.

Жалпы, Сарыкөл жерінде маман болып еңбек жолын бастап, болашақта еліміздің дамуына өз үлестерін қосатын жас мамандарға сәттілік тілейміз!

Редактор

Recent Posts

Сарыкөл ауданында «Өнеріміз саған, Қазақстан!» байқау-фестивалі өтті

Ұлттық өнер құндылығы дәріптелген іс-шарада аудан өнерпаздары өнерлерін паш етіп, шеберліктің шыңын көрсетті. (далее…)

2 недели ago

Подучетных службы пробации Сарыкольского района познакомили с программами по поддержке молодежи

В Сарыкольском районе прошла встреча с лицами, находящимися на учете в службе пробации, на котором…

2 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

85 лет! КРУ имени Ахмет Байтұрсынұлы отмечает юбилей

Каждый день на протяжении предпраздничной недели в университете проходили фестивали, встречи, награждения, спортивные игры, в…

3 недели ago

This website uses cookies.