«Сарыкөл» газетіне жазылайық, ағайын!
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі»
Жақында «Сарыкөл» газетінің бас редакторы Руслан Әлкеев Комсомол ауылында халықпен кездесіп, баспасөзге жазылу туралы айтқан болатын.
Ауыл тұрғындары аудан газетін қолдайтындықтарын жеткізді. Солардың бірі, зейнеткер – Мұхтар Шайтуганов. Ол кісі біздің газеттің тұрақты оқырманы әрі жанашыры.
– Газет ауданымыздың айнасы болып табылады. Өңірдің саяси-қоғамдық тынысын, тарихи, басқа да жаңалықтарды жазады. Маған өте ұнайды. Мен де жазыламын газетке. Онда қызықты, керекті ақпараттар көп. Тағы айтқым келгені, тағылымы мен мәні зор мақалалар жас ұрпаққа өз өлкесінің тарихын білуіне үлкен септігін тигізеді деп ойлаймын, – дейді біздің оқырман.
Жалпы, Мұхтар Шайтуғанұлы «Сарыкөл» газетіне басылымның «Савхозная рабочий» деп аталған кезінен бері жазылып келеді. Оған жалпы газет оқыған ұнайды екен, соның ішінде әсіресе, «Сарыкөл» газеті. Оның айтуынша, немерелері – Назар мен Тұңғышбай да газет оқығанды жақсы көреді.
Олай болса, осы оқырманымызға бізбен бірге болғаны үшін, қолдағаны үшін алғысымызды айтамыз! Сондай-ақ, Сіздерді де газетімізге жазылуға шақырамыз, құрметті ағайын!
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31