Сарыкөл ауданының әкімі Златоуст ауылдық округіне барды

3 қазан күні аудан әкімі Амантай Балғарин Златоуст ауылдық округіне жұмыс сапарымен барды.

Онда аяқталуға жақын қалған су құбыры желісінің бүгінгі тынысымен, жұмыстың орындалу барысымен танысты.

Бұған республикалық және облыстық бюджеттен 648,5 млн. теңге бөлінген. Жобаны қаржыландыруға 2018 жылы 500 млн.теңге, ал, ағымдағы жылы 148,5 млн.теңге қарастырылған.

Бұл жұмыспен 20 жылдық тәжірибесі бар мердігер компания «Инвест» ЖШС айналысуда. Оның директоры Қадір Сегізбаевтың айтуынша, бұл жерде жұмыс басталғаннан бері 27 шақырым құбыр төселген. 500 текше метрлік 2 резеруар орнатылған. Насос станциясы, КПП салынып, аумақ қоршалған. Ток өткізілген.

Жалпы, негізгі жұмыстар аяқталып, тек ұсақ-түйектері қалған.

– Қалған жұмыстарды да сапалы орындап, нысанды межелі уақытқа дейін тапсырыңыздар. Істеріңізге сәттілік тілеймін, – деді өңір басшысы Амантай Кәкімбекұлы өз сөзінде.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.