Сарыкөл ауданының әкімі көп балалы анаға құрмет көрсетті

Аналар қай кезде де құрметке лайықты

Ауданда өмірге ұрпақ әкеліп, оларды тәрбиелеп өсіруде үлгі-өнеге болып жүрген «Алтын құрсақты» аналар жетерлік.

Бүгін аудан әкімі Марат Шымырбеков Крылов ауылында тұрып жатқан көпбалалы ана Шолпан Бегайдарованы қабылдап, «Алтын алқа» төсбелгісін табыстады.

-Сізді осынау тамаша, жарқын сәтпен құттықтап, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілеймін, – деп жүрекжарды лебізін білдірді аудан басшысы.
Сонымен қатар, Марат Лесбекұлы жеті перзент сүйген алтын құрсақты анаға еліміздің демографиясына қосқан үлесі мен ұрпақ тәрбиесі үшін алғысын білдірді.

Көп балалы ана Шолпан жұбайымен бірге 7 бала тәрбиелеп отыр. Үлкен ұлы 14 жаста болса, ал кенжесі 1 жас 8 айда. Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысынан «Оңтүстіктен-Солтүстікке» бағдарламасы аясында көшіп келген. Бүгінде Крылов ауылында тұрып жатыр.

-Біз, бұл жаққа келгенімізге еш өкінбейміз. Міне, бүгін мемлекет тарапынан қолдау көріп, «Алтын алқа» иегері атанып жатырмын. Өте қуаныштымын. Сол алқаны салтанатты түрде табыстаған аудан әкіміне алғысымды айтамын. Жалпы, өсіп, өне берейік. Қазақтың санын көбейтейік дегім келеді, – дейді жас ана Шолпан Әбдуәлиқызы.

Жалпы, дүниенің күретамыры, адамзаттың ардақ тұтар асылы, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен аяулы жан, тіршіліктің бастауы аналар қауымы барлық жақсылыққа лайықты!

Руслан ӘЛКЕЕВ.
Суреттерді түсірген автор

Редактор

Recent Posts

Новая техника и ставка на масличные: как проходит уборочная страда в Сарыкольском районе

В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…

6 дней ago

Сарыкөл ауданының әкімі сайлауға қатысты

Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…

2 недели ago

Бір шаңырақ — бір таңдау: Жантемировтар отбасы сайлауда азаматтық белсенділік танытты

Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…

2 недели ago

Подучетные службы пробации Сарыкольского района получили правовую консультацию

Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…

3 недели ago

Өзгерістерге қарай жасалған қадам

Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.