Аудан басшысы жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр
Өткен жылғы көктемгі су тасқыны елді әбігерге салғаны әлі күнге есімізде. Сондай оқиғаны болдырмас үшін ауданда ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Аудан әкімі Марат Шымырбеков іссапар аясында аудан әкімінің орынбасары Жанат Жиенбаев, аудандық мобильдік бөлімнің басшысы Дмитрий Яценко және аудандық төиенше жағдайлар бөлімі бастығының уақытша міндетін атқарушы Диас Молжігітовпен бірге Сорочин мен Златоуст ауылдық округтерінің аумақтарын бақылып, Қарасу ауданынан Обаған өзенінің арнасы бойымен келіп жатқан суға мониторинг жүргізіп қайтты.
Осыдан екі апта бұрын, бақылау жасағанда судың республикалық М-36 “Алматы-Екатеринбург” тас жолынан Обаған өзенінің арнасын бойлай ағып жатқаны, судың 7 шақырым төмен қарай жүріп өткені анықталған болатын. Сонымен қатар, ойпаң жерлерде өзен арналары болды, ашық ағын байқалды. Ең бастысы, елдімекендерге су басу қаупі байқалмады. Бірақ, соған қарамастан, 2 су өлшеу бекетін орнатылып, бақылау кезінде судың 11 сантиметрге көтерілгені анықталды.
-Бүгін тағы да өзен бойын айналып, бақылау жүргізгенімізде республикалық М-36 “Алматы-Екантеринбург” автожолынан өзен арнасы бойымен 27 шақырымға дейін су ағып жатқаны, ал ойпатты жерлерде мұзбен жабылған төгінділер байқалмайтыны анықталды. Алайда, елдімекендерді су басу қаупі жоқ. Алдағы уақытта да жағдайды жіті бақылауда ұстайтын боламыз, – деді аудан әкімі Марат Лесбекұлы.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор
С чего начать, если хочешь работать на себя? (далее…)
В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…
1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…
Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)
Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…
Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)
This website uses cookies.