Бұл “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.
Айталық, алғашқы күні аудан орталығы мен ауылдық округтердегі мектеп, балабақша аумағында көшеттер отырғызылды.
– Біз мектеп аумағына көшеттер отырғызып жатырмыз. Бас-аяғы 32 түп. Мен де өз үлесімді қосып жатырмын. Біздің мектептің маңайына жыл сайын ағаш түптері егіледі. Олар енді әртүрлі. Тіпті, мектеп түлектері де жыл сайын ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырған, – дейді Ө.Сұлтанғазин атындағы жалпы білім беретін мектебінің директоры Ерлан Сманов.
Жалпы, Сарыкөл ауданы бойынша бір күнде 250 ағаш көшеті отырғызылды. Тұтастай алғанда, ауданның барлық ауылдарында көшет отырғызудан басқа, саябақтар мен скверлердің, ұйымдардың аумақтарын тазарту, сондай-ақ ағаштарды әктеу жүргізіледі. Бұл жұмыстардың барлығы апта бойы жалғасады.
Ал, ертең ұйым, мекеме қызметкерлерінің қатысуымен 250 ағаш көшеті отырғызу жоспарлануда.
Руслан ӘЛКЕЕВ
С чего начать, если хочешь работать на себя? (далее…)
В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…
1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…
Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)
Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…
Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)
This website uses cookies.