Сарыкөл ауданында “Жанашыр бол” ҚҚ өкілі жеке қабылдау өткізді

31 наурызда Сарыкөл ауданының көмек алаңы кеңсесінде «Жанашыр бол» қоғамдық қорының өкілі Жасгүл Тоғжанова пробация есебінде тұрған сотталған азаматтарды жеке қабылдап, толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Пробация қызметі тек жазаларды орындаумен ғана емес, пробациялық бақылауда жүрген сотталғанның жаза өтеу барысында қайта қылмыс жасауының алдын алу және оған әлеуметтік – құқықтық көмек көрсете отырып, оған қатысты бақылауды жүзеге асыруды көздейді. Егер де сотталғанның құқықтық ,әлеуметтік , тұрмыстық қажеттілігі орындалса, сотталғанның да заңға деген көзқарасы өзгеріп, мінез құлқы жақсы жағына қалыптасуына оң нәтеже беретіні сөзсіз.

Осыған орай, қылмыс жасаған адамдар тарапынан қылмыстың қайталануын ескертуге жұмылдырылған құқықтық саясатты қалыптастыру және ұйымдастыру пробация қызметінің ең басты мақсаты болып табылады.

Сарыкөл ауданында пробациялық бақылауда тұрған 11 адам қабылдауға қатысты.

Келгендер нотариалдық қолтаңбаны қалай алу керек, қайда жүгіну керек, жұмысқа орналасу кезінде не қажет, қай жерден жұмысқа тұруға болады деген сұрақтар қызықтырды. Сондай-ақ олар алимент бойынша қарыздар мен несиелерді жабу туралы сұрақтар қойды.

Сонымен қатар, Жасгүл Тоғжанова қоғамдық қорға хабарласу арқылы пробациядағы азаматтар кейбір мәселелерді шешіп, кеңес ала алатынын баса айтты.

Жалпы, бұл Сарыкөл ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Сарыкөл ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды әлеуметтендіру және оңалту шеңберінде жұмысты ұйымдастыру» жобасы аясында жүзеге асырылды.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді түсірген автор

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.