Сарыкөл ауданында жұмыстар жалғасуда
Өңірде «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмыс істеп жүргендердің саны – 45-ке жетті
Яғни, өткен жылдармен салыстырсақ, жазғы демалыста еңбек еткісі келетін жастардың артып келеді.
Аталған бағдарлама елімізде 2005 жылдан бастау алған еді. Бұл, әрине, Елбасымыздың ізгі бастамаларының бірі, мыңдаған жастың қосымша қаражат тауып,аудан, ауылдың көгалдандыруна атсалысуына мүмкіндік берді.
Сол сияқты Сарыкөл ауданының жастары да осы мүмкіндікті мүлт жібермей, өз демалыстарын ұтымды пайдаланбақ. Олардың дені – студентер мен жұмыссыз жастар.
-Өзім тұрып жатқан жерді тазалап, жасылдандыруға үлес қосып жатырмыз. Жаңа достар тауып, ортақ еңбек етудеміз, – дейді бағдарламаға қатысушы Анастасия Воронко.
Жалпы, ұйымдастырушылардың айтуынша, «Жасыл ел» бағдарламасына қатысушы белсенді жастар мен студенттердің саны жыл сайын ұлғайып келеді.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31