Сарыкөл ауданында өткен маңызды мәжіліс
8 қазан күні Сарыкөл ауданы әкімдігінінің мәжіліс залында Қостанай облысы ҚХА қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелерінің қатысуымен қоғамдық қабылдаудың кеңейтілген отырысы өтті
Оны аудан әкімінің орынбасары Әлия Бекмағамбетова ашып, жүргізіп отырды.
Оған аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік мекеме өкілдері, аналар кеңесінің мүшелері, ауданының қоғамдық келісім кеңесі қатысты.
Жиын барысында Қостанай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Бибігүл Аққожина «Қостанай облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі» тақырыбында баяндама жасады.
Одан әрімен облыстық ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, экономика және құқық институтының директоры және тарих ғылымдарының кандидаты Әлібек Табылденов «Президенттің Жолдауы – іс-қимылға үндеу» туралы тілге тиек етті.
Сондай-ақ, Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, облыстық ҚХА Медиация кеңесі төрағасының орынбасары, педагогика ғылымдарының кандидаты Ольга Евдокимова сөз сөйлеп, «Медиация институтын әлеуметтік келісім және қазіргі Қазақстанның тұрақтылығын қолдау құралы ретінде дамыту» бойынша мәлімдеді.
Ал, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Мұратбеков болса «Қазақстан Республикасы Президентінің 26.06.2013 жылғы № 34 Жарлығымен Қазақстан Республикасы азаматтарының қарыздық жүктемесін азайту жөніндегі шаралар туралы» айтты.
Жалпы, бұл маңызды мәжілістен кейін Қостанайдан келген қонақтардың қатысуымен Қоғамдық келісім кеңесінің қоғамдық қабылдауы жүргізілді.
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31