Сарыкөл ауданында полиция қауіпті мас жүргізушіні ұстады
Сарыкөл ауданында 36 жастағы тұрғын жүргізуші куәлігінен айырылып, патрульдік полицияның “тоқта” деген талабын елемей, ізін суытпақ болды, – деп хабарлайды Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы.Жүргізушінің алдыңғы дөңгелегі жарылғанына қарамастан, ол өзге жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіріп, қашуын жалғастырды.
Полицейлер мұндай өрескел жол қозғалысы ережелерін бұзуды тоқтатып, құрбандар мен ауыр зардаптарға жол бермеді. Соған қарамастан, ұсталған кезде құқық бұзушы соқтығысу арқылы өзінің көлігіне және полиция қызметкерлерінің қызметтік көлігіне зақым келтірді.
Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден алкогольдің иісі анықталған.
Мас күйінде көлік жүргізу фактісі бойынша полиция оны көлік басқару құқығынан айырып, қылмыстық іс қозғады. Бұл үшін оған 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру және өмір бойы жүргізуші куәлігінен айыру қаупі төніп тұр.
Сонымен қатар, полицияның көлікті тоқтату туралы заңды талаптарын елемегені үшін сот оған 15 тәулік қамауға алуды тағайындады. Ер адам арнайы қабылдағышқа орналастырылды. Көлік айыппұл тұрағына жіберілді.
Сарман Алдияр, Облыстық ДП баспасөз хатшысы ұсынды
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31