Сарыкөл ауданында көше жолдары жөнделді

Жөндеу жұмыстары “Мелоян” жеке кәсіпкерлігімен бірлесе отырып жүзеге асырылды

Қостанай облысының әкімі Құмар Іргебайұлы Ақсакаловтың тапсырмасы бойнша Сарыкөл ауданына қарасты Комсомол ауылдық округінде көше жолдарын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жөндеу барысында шұңқырларды тегістеу және жолдарды асфальттау сияқты негізгі жұмыстар атқарылды. Бұл шаралар жеке және қоғамдық көлік қозғалысын жақсартып, жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік берді.
Ауыл тұрғындары атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, жолдардың сапасы айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Көпшілік ұзақ уақыт бойы шешілмей келген өзекті мәселенің оң шешім тапқанына ризашылықтарын білдіруде.

Ауыл әкімі ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жаңарту мен дамыту маңызды басымдықтардың бірі екенін атап өтті.

-Мұндай бастамалар ауыл тұрғындарына жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру ортасын қалыптастыруға бағытталған. Жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады. Жоспарға сәйкес, жағдайы қанағаттанарлықсыз өзге де елді мекендер қамтылатын болады, – дейді Берік Қалмұратов.

Руслан ӘЛКЕЕВ
Суреттерді ұсынған ауыл әкімдігі

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.