Осы аптада аудан əкімі Амантай Балғарин жұмыс сапарымен Тәгіл жəне Комсомол ауылдық округтеріне барды.
Онда «Сатаев» ШҚ басшысы Баймырза Сатаев және «Казпроинвест» ЖШС-нің атқарушы директоры Николай Афанасьевпен кездесіп, егін жинау жұмыстарын талқылады.
Екі диқан да астық оруға қызу кіріскен. Ауа райы қолайлы болса, аладғы уақыттарда нəтижені де үдете түспек.
-Істеріңізге сәттілік тілеймін. Егінді өз уақытында аяқтаңыздар, – деді өңір басшысы Амантай Кəкімбекұлы.
Жалпы, қəзіргі уақыта Сарыкөл ауданында егін жинау науқанының қарқын алғанын айта кеткен жөн.
Осы уақыттағы жағдай бойынша 93,9 мың га дәнді дақыл жиналды. Өнімділік – 12,2 ц / га құрайды. Соның ішінде бидай – 64,9 мың га, арпа – 20,3 мың га, сұлы – 1,5 мың га.
Бұдан бөлек, дәнді-бұршақты дақылдар – 2,6 мың га. Өнімділік – 10,8 ц / га. Ал, 4, 7 мың га майлы дақыл шабылды. Өнімділігі – 7,1 ц / га жетіп жығылады.
Руслан ƏЛКЕЕВ
В Сарыкольском районе 60 единиц тракторов и комбайнов нового образца участвуют в нынешней уборочной страде…
Бүгін Сарыкөл ауданының әкімі Марат Шымырбеков Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес құрылған Құрылтай сайлауына қатысты.…
Бүгін Сарыкөл ауданындағы көпбалалы Жантемировтар отбасы бір шаңырақ астындағы берекелі бірлігін ғана емес, ел өміріне…
Әр таңдау - ел үшін жасалған маңызды қадам. (далее…)
Индивидуальную консультативную работу с участниками провела юрист ОФ «Жанашыр бол» Жасгуль Тогжанова. В ходе личных…
Сарыкөл ауданының полиция бөлімінде пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. (далее…)
This website uses cookies.