Сарыкөл ауданында барлық 22 білім мекемесінде жазғы мектептер өз жұмысын жүргізуде

8 маусым күні аудандық білім бөлімінің басшысы Перизат Сапарова аудан орталығындағы қос мектепті аралады

Айталық, Ө.Сұлтанғазин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп пен Урицк мектеп-лицейіне арнайы барып, жазғы мектептердің жұмысымен танысты. Мектеп директорларымен, мұғалімдер және оқушылармен кездесті. Әсіресе, дене шынықтыру мен психология пәндері мұғалімдерінің жұмысына баса назар бөлді. Жалпы, қашықтан оқыту кезінде оқу үлгірімі нашарлаған оқушылармен қалай жұмыс жүргізіліп жатқанына көз жеткізді.

-Үлгерімі төмен балаларға көп көңіл бөлуіміз керек. Бізде, әдетте, талантты әрі дарынды және үлгерімі жақсы балаларға көп көңіл бөлінеді. Ондай балалармен жұмыс істеу оңай әрі қызық екені түсінікті. Алайда, бұл жағдайда басты назар үлгерімі төмен балаларға аударылуы тиіс. Және олардың қашықтан оқыту кезінде жіберген олқылықтарының орнын толтыру. Біздің басты мақсатымыз – осы, – дейді Перизат Смайылқызы.

Айта кеткен жөн, 26 мамырда басталған жазғы мектептердің жұмысы 19 маусымға дейін жалғасады. Бұл ерікті түрде жүзеге асырылуда және қосымша қаржыландыруды да қажет етпейді. Сонымен қатар, бұл бос уақытты тиімді пайдалануға үлкен мүмкіндік. Яғни, баланы жазғы мектепке қабылдау үшін ата-ана өтініші бойынша жұмыс жүргізілді. Және де мектепке келгісі келген барлық бала тегін қатыса алады.

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.