Сарыкөл ауданында Алғыс айту күніне арналған «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» атты фестивал өтті
Оған өңірдің әр ауылынан келген түрлі ұлт өкілдерінің өнері мен дәстүрлі асханасын дәріптеген үміткерлер қатысты.
Шараға қатысушыларды аудан әкімінің орынбасары Әлия Бекмағамбетова Алғыс айту күнімен құттықтады.
Фестивал барысында әр ұлт өкілдері өздерінің ұлттық әні мен биін, аспаптық ансамблдік өнерін паш етті. Сондай-ақ, аудандық мәдениет үйінің кіреберісінде Қазақстан халқы ұлттарының аспаздық және шығармашылық ұлттық көрмесі ұйымдастырылды.
Жалпы, қатысушылардың дайындықтарын қазылар алқасы бағалады.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров