Сарыкөл ауданына да жаңа автобус берілді

Осылайша аудандық білім бөлімі тағы бір көлікпен толықты

1 маусым – балаларды қорғау күні облыста өткен салтанатты шараға білім басшысы Перизат Сапарова арнайы қатысып, аймақ басшысы Архимед Мұхамбетовтың қолынан жаңа көліктің кілтін алып қайтты.

Бұл балаларға жасалып жатқан қамқорлық десек артық айтқандық болмас. Себебі, мектеп оқушыларын тасымалдауды неғұрлым ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге мүмкіндік береді.

Бүгінде аудан бойынша 22 жалпы білім беретін мекеме бар. Биылғы оқу жылын 2353 бала аяқтап отыр. Солардың ішінде жергілікті жер мен маңайдағы елді мекендерден қатынап оқитын оқушылар да бар. Оларды күн сайын, аптасына мектептерге тасымалдаумен 4 газель мен 2 автобус қамтамасыз етті.

-Біздің ауданға тапсырылып отырған автобус Комсомол жалпы білім беретін орта мектебіне беріледі. Алдағы жаңа оқу жылында маңайдағы елді мекендерден (Қоскөл, Ленинский және Чапаевка) күн сайын 26 оқушы тасымалданатын болады. Онда барлығы 113 бала оқытылады, – дейді аудандық білім бөлімінің басшысы Перизат Сапарова.

Айта кеткен жөн, мереке күні облыс бойынша оқушылардың сапалы білім алуына жағдай жасау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жалпы сомасы 229 млн теңгеге 17 көлік (7 автобус пен 10 шағын автобус) 15 ауданның білім бөлімдерінің басшыларына табысталды.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Решение есть»: жители Сарыкольского района получили консультации в рамках «Каравана правовой помощи»

В Костанайской области продолжается реализация принципа «Заң мен тәртіп» («Закон и порядок»), направленного на укрепление…

1 неделя ago

Облыс әкімі Сарыкөл ауданындағы негізгі нысандарды аралап, даму жобаларымен танысты

1 қазанда Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Сарыкөл ауданына жұмыс сапары барысында әлеуметтік нысандардың, инвестициялық…

3 недели ago

Сарыколь: Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе

Правовая помощь и спорт: шаги к уверенности в себе. (далее…)

3 недели ago

Аким Сарыкольского района встретился с юными робототехниками — обладателями международной награды

Аким Сарыкольского района Марат Шымырбеков встретился с юными робототехниками Ксенией Чиханцовой и Егором Костериным, которые…

1 месяц ago

Сарыкөл спортының саңлақтары марапатталды

Аудан үмітін ақтаған үздіктер құрметке бөленді. (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.