Бұл туралы аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Әлия Бекмағамбетова баяндады
– Жастарға барлық салаларда көмектесу және қолдау саясаты жалғасып келеді. Сондықтан, оларға жаңа леп беру үшін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз бағдарламасында Агенттіктің алдында Президенттік жастар резервін құру міндетін қойды. Еліміздегі жастар үшін барлық мүмкіндік бар, – деді Әлия Молдабайқызы.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар PKRezerv.kz ресми сайтында жарияланған. Резервке жасы 35-тен аспаған, жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес барлық ҚР азаматы қатыса алады.
Бірінші кезең – қатысушылардың құжаттарын қабылдау. Сайттың басты бетінде кандидат инфографика түрінде Президенттік кадрлық резервіне іріктеу үдерісі туралы мәліметтермен таныса алады.
Екінші кезеңде үміткерлер тест тапсырады.
Үшінші кезең – кандидаттардың көшбасшылық қасиеттерін, стратегиялық көзқарас деңгейін, уәждемесі мен құндылықтарын бағалау. Бұл үшін олар эссе жазып, өздерінің әлеуметтік маңызды жобаларын таныстыру қажет.
Төртінші кезеңде үміткерлер сараптамалық комиссия өкілдерімен әңгімелеседі. Осы кезеңге балдардың жиынтығында іріктеудің алдыңғы кезеңдері бойынша ең үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар жіберіледі.
Руслан ӘЛКЕЕВ
Бүгінгі ауқымды мерекелік іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады (далее…)
Сила традиций и дух соревнований: асық ату и бес асық объединяют молодежь (далее…)
Н.Дәулетова атындағы аудандық кітапханада Наурыз мейрамына орай «Көже party» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. (далее…)
Спортсмены, неся надежду своих районов, подошли к турниру с всесторонней подготовкой. (далее…)
101-летняя жительница Сарыколя Августа Дубровец сделала свой выбор на Общенациональном референдуме по принятию новой Конституции…
Жастар азаматтық белсенділігін көрсетті. (далее…)
This website uses cookies.