Сарыкөл ауданы Урожайное ауылында тазалық жұмыстары қарқын алған

Тазалық табалдырықтан басталады

Өткен аптада әкімдікте өткен жиында аудан басшысы Урожайное ауылының әкімінің жұмысына көңілі толатынын жеткізді.

Қызметіне жақында кіріскен ауыл әкімі Айман Шонова бүгінде әріптестеріне үлгі көрсетерлік деңгейге жеткен. Ауыл іші – тап-таза. Кірсең шыққысыз. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» республикалық акциясы жобасын басты бағдар етіп алған. Соның аясында қыруар жұмыстар атқарып, ауыл халқының сенімінен шығып отыр.

-«Тазалық табалдырықтан басталады», – дейді дана халқымыз. Осыны және Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жобасын басты ұстанымымыз етіп алдық. Сөйтіп, ауыл болып тазалық жұмыстарын қолға алдық. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» – дегендей барлық жұмыс бірлік пен тірліктің арқасына жүзеге асырылып жатыр. Мені таңдаған тұрғындардың көңілінен шығып, өзімнің сайлауалды бағдарламамды барынша жүзеге асыру жолында мандай терімді төгетін боламын, – дейді ауыл әкімі Айман Шонова.

Айтса айтқандай-ақ, ауыл болып тазалық жұмыстарын жүргізуде. «Қуат-Т1» ЖШС шаруа қожалықтарымен бірлесіп, көктемгі тасқын кезінде көп шаруа тыңдырыпты. Ауылдағы үйлерге суды кіргізбеу үшін қам-қарекет қылды. Апта сайынғы сенбіліктерден жиналған 20 тонна қоқысты шығаруға қол ұшын созған. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлерінің маңайын тазалауға, шарбақтарын сырлап, шөптерін шабуға әкімдіктен 4 қызметкер және 4 қоғамдық жұмыскер тартылған. Ауыл аумағындағы жүк көліктеріне тосқауыл жасайтын аркаларды сырлауға, Ұлы Отан соғысы арадегреліне арналған ескерткіштерді жаңартуға «Қуат-Т1» ЖШС қажетті құрылыс заттарын берсе, ал маңайындағы шөпті шабуға, көшеттерді, гүлдерді отырғызуға «Равинский Е.Б» ш/қ басшысы қаржылай қолдау көрсеткен.

Осы серіктестік пен қожалықтан бөлек, «Елсан агро» ЖШС мен «Айсин М.К», «Михнев П.Д.», «Асылбеков Р. Б.» және «Габдуллин Е.К.» шаруа қожалықтары бөлген техникалардың арқасында ауыл ішіндегі тозығы жеткен ғимараттар мен құрылыс қалдықтары сыртқа шығарылуда. 200 тонна күл-қоқыстан тазартылды.

-Мана атап өткенімдей, ауылдағы шаруалар тазалық жұмыстарына жаппай атсалысуда. Ауылшаруашылық тауар өндірушілері де өз күштерімен ауылдағы апатты үйді бұзып, сыртқа шығарып берді. Енді алдағы уақытта сол бос жерді қоршап, көлік тұрағын, гүлзар бағын, тұрғындар демалатын орынға айналдырғымыз келеді. Сонымен қатар, спорттық алаң мен балалар ойын алаңқайын жасау жоспарда бар.

Ауылдың тазалығы қатаң бақылауда. Уаскелік полиция инспекторымен бірлесіп үй иелеріне іргелес аумақтарды абаттандыру ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Сондай-ақ, осы ережелерді бұзғаны және рұқсат етілмеген полигондарды ұйымдастырғаны үшін жауапкершілік шаралары туралы да ескертеміз, – дейді ауыл әкімі.

Жалпы, ол өзінің жұмысқа кіріскен кезеңнен бастап осы уақытқа дейін «Таза Қазақстан” республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру бойынша 3 кездесу өткізген. Сондай-ақ, «Қостанай облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын және жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бекіту туралы» 505-бапты түсіндіру бойынша 20 хабарлама таратылған. Оның бәрі де орындалған.

Бүгінті таңда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасының ақпараттық материалы таратылуда. Сондай-ақ, әр тұрғынмен түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Бірақ, сонда да проблемалық мәселелер бар. Олар көп жылдан бері көңге айналған орындар. Осы мәселені шешу үшін «Қуат-Т1» ЖШС-мен меморандум жасалған. Астық науқаны аяқталғаннан кейін көңді шығару жұмыстары қолға алынбақ.

Бұдан бөлек, бүгінгі таңда ауыл жолының 7 шақырымының жиегіндегі арамшөптер шабылған. Әкімшілік, мектеп, медициналық пункт аумағына мамыр айынан бері 400 дана гүл отырғызылып, 20 дана көшет егілген. Ал, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген ауыл кіреберісіндегі стелла алыстан «мен мұндалайды». Жалпы, ауыл әкімінің ауылды көркейтуге деген ынта-жігері мұнымен шектеліп қалмайды.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

«Жойылудың сәл-ақ алдында»: танымал қазақ тұлғалары дүниеге келген ауылдардың қазіргі жағдайы қандай?

  «ТоболИнфо» ақпарат агенттігінің тілшілері Қостанай облысындағы тарихи орындарды аралап қайтты (далее…)

3 дня ago

Для подучетных двух районов Костанайской области провели экскурсию в колонии

Обстановку в учреждении 12-ти жителям Узункольского и Сарыкольского районов, стоящих на учете пробации. Они посетили…

2 недели ago

В Сарыкольском районе прошла встреча с лицами, состоящими на учете в службе пробации

Мероприятие, организованное в рамках проекта, направленного на ресоциализацию и реабилитацию граждан, освобожденных из мест лишения…

1 месяц ago

«Қамқорлық басымдыққа ие болған кезде: Сарыкөл ауданы ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдайды»

Сарыкөл ауданында ерекше білім беру қажеттілігі бар 313 бала бар, оның 66-ы мүгедек (далее…)

2 месяца ago

Бірлік күні Сарыкөл төрінде де өз сән-салтанатымен аталып өтілді

Биылғы мереке былтырғыдан өзгерек форматта өтті (далее…)

2 месяца ago

Подучетным службы пробации Сарыкольского района разъяснили порядок получения ЭЦП

Представители фонда «Жанашыр бол»  провели  информационно-разъяснительная лекция для осужденных, состоящих на учете в службе пробации…

2 месяца ago

This website uses cookies.