Сарыкөл кентінде «Ең үздік аула» анықталды

Тазалық басты назардан түспейдіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевттің пәрменімен осы жылғы сәуірдің басында басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Сарыкөл ауданында жоғарғы деңгейде ұйымдастырылды. Соның ішінде «Ең үздік аула» акциясын айрықша атап өтуге болады.

Республикалық экологиялық акцияға белсенді қатысып, өз ауласын таза ұстай отырып, қоғамдық орындарға жасалған сенбілік жұмыстарына да қатысқан ауыл тұрғынын анықтау, игі ісін көпке үлгі ету мақсатында арнайы комиссия құрылып, конкурсқа қатысушы аулаларды аралап шықты.
Талап бойынша, үй айналасын мұнтаздай етіп қана қоймай, көгалдандыру жұмыстарын аула сыртына да жасау маңызды болды. Тазалық жұмыстарын барлық талапқа сай орындап, азаматтық танытқан аула иесін табу аса қиындық туғызған жоқ.

-Жалпы «Таза Қазақстан» акциясы арқылы Сарыкөл кентіндегі өз ауласының тазалығымен қатар, қоғамдық орындардың да таза, көрікті болуына үлес қосуға ниетті тұрғындардың қатары көп екендігін байқадық. Бұл, әрине қуантарлық жағдай. Бүгінгі «Ең үздік» аула акциясының жеңімпазын анықтау аса күрделі іс болған жоқ, – дейді Сарыкөл кентінің әкімі Сергей Горшенин.

«Сарыкөл кенті әкімі аппараты» ММ-нің жанынан арнайы құрылған комиссия мүшелері «Ең үздік аула» – гүлденген аула номинациясына Антонина Симченкованы лайық деп тапты. Ал, «Ең үздік сәнделген көпқабатты тұрғын үй» номинациясын Әлібек батыр көшесіндегі 45 үй иеленді. Сондай-ақ, «Сәнделген үздік бизнес нысаны» номинациясын «Ажар» дүкенінің иесі жеке кәсіпкер Наталья Панкратова жеңіп алды. Номинация иелеріне арнайы алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, жеңімпаз атанған бұл көпқабатты үйдің тұрғындары жыл сайын көктемгі және күзгі абаттандыру айлықтарына белсене қатысып, өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін осылай көрсетіп келе жатыр.

-«Тазалық тазалаған жерде емес, таза ұстаған жерде», -демекші, ауланың тазалығына, көгалдандыру жұмыстарына баса назар аударамыз. Мұны, балаларымызға да үнемі айтып келеміз. Қазір аулада көріп тұрған жеміс ағаштары мен гүлдерді баптауға немерелерімізді үйретіп жүрміз. Ауылдың тазалығына әркім өз ауласын таза ұстау арқылы үлес қоса алады. Осыны барша жерлестеріміз, әсіресе жастар ұғынса дейміз. Өйткені, ауылына қарап азаматын таныған елміз. Ендеше, бұл жұмыстарға барша сарыкөлдіктер жұмыла кірседі деген ойдамыз», – дейді көше тұрғындары.

Кент әкімі алдағы уақытта байқау жалғасатынын және оны дәстүрге айналдыратынын айтты.

-Біздің алдағы жоспарымыз – байқауды өткізуді жалғастыру және оны дәстүрге айналдыру. Әрбір ауыл тұрғыны оған қатыса алады. Сіз де өз аулаңызды және оған іргелес аумақты гүлденген аулаға айналдырыңыз және бірлескен күш-жігермен біздің ауылды одан да әдемі әрі жайлы ете түсіңіз, – деп ізгі лебізін білдірді Сергей Витальевич.

Руслан ӘЛКЕЕВ

Редактор

Recent Posts

Сарыкольские сельхозтоваропроизводители сделали ставку на масличные культуры

94,8 тыс. га земли, что на 25 тыс. гектаров  больше  от запланированной площади, отведены под…

2 недели ago

Село Сарыколь – визитная карточка степного региона, который из года в год, меняя свой облик на глазах сельчан, становится краше

Только за последние несколько лет в селе Сарыколь появилось огромное количество новых зелёных насаждений: ели,…

2 недели ago

17 июля в селе Златоуст стартует спартакиада Сарыкольского района, посвященная Всемирному дню навыков молодёжи

В селе Златоуст сейчас полным ходом идёт подготовка к предстоящему мероприятию районного масштаба. Стадион за…

2 недели ago

Сарыкөл ауданында халықпен есеп беру кездесулері өтіп жатыр

Тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және өмір сүруге қолайлы жағдай жасауға баса мән берілмек (далее…)

1 месяц ago

This website uses cookies.